Қаусаған бейтаныс шал (әңгіме)
03-11-2023
Жаңа туған сәбиге ат қоярда оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат түсіру – сүннет амалына жатады (мұстахаб дейтіндер де бар). Ардақты Алла елшісі немересі Хасан туылғанда құлағына азан шақырып ат қойғандығы хадистерде айтылған.
Кітаптарда келтірілген басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз:
«Кімде-кім дүниеге келген баласының оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсірер болса, ол балаға «Үммус сибянның» зияны тимейді (яғни, ол балаға жын-шайтаннан зиян келмейді)», - дей келе аталмыш рәсімнің пайдалы тұсына назар аудартқан.
Мұнымен қоса, азан айтудың тәрбиелік мәні де жоқ емес. Азан сөздерін құлағына естірту арқылы, дүние есігін жаңа ашқан сәбиге: «Алланың құлы, Мұхаммедтің үмбетісің. Әлмисақтан мұсылман болғандықтан, өскенде Құдайға құлдық ұрып, намаз оқы. Мұсылман екеніңді ұмытпа» деп тұрғандай.
Ал, енді, аталмыш рәсім көбіне жаңа туған сәбиге жасалады (бірінші күні немесе ең кеш жетінші күні, одан кешіктірмеген абзал). Алда-жалда ата-ана ұмытып, ат қоярда азан айтылмаған болса, ол үшін күнә жазылмайды. Сондықтан да, кішкене күнінде құлағына азан айтылмаған балаларыңызға, өскеннен соң азан айтып, қайта ат қою шарт емес.