Қандай тарақ зиян?
Массагет сайтында бойжеткендерге арналған ерін далабына, макияжына, маникюріне, сүйікті түсіне қарап мінезін анықтайтын психологиялық тесттер көп-ақ. Бүгінгі кезек тараққа қарап адамды тануға арналады. Суретке қараңыз да, өзіңіз қолданатын тарақты табыңыз.
1. Нимфа Сіз нәзіктік пен биязылықтың қайнар көзісіз. Ерлер сізге қараса, тек шабыт алады. Инабаттылық, тартымды күлкі, баяу дауыс және өзін өзі ұстау ерекшелігімен айналаңыздағыларды баурап аласыз. Сіз ешкімнің ісіне кіріспейсіз, кісінің сөзін бөлмейсіз, жан баласымен сөз таластырмайсыз. Киіміңіз тек әйелдік сымбатыңызды айқындап тұрады. Гардеробыңыз да көбінесе көйлектерден, белдемшеден, гүлді жейделерден құралады. Кеңсе жұмысы сізге аса лайық емес. Сондықтан шығармашылықты, балалармен жұмысты, қайырымдылық істерді таңдайсыз.
2. Тәуелсіз Қатал да тік адамсыз, ешқашан жауаптан жалтармайсыз. Өз пікіріңізді жаныңызды сала қорғап, қағидаларыңыздан аттамайсыз. Оған өзгелер де оң бағасын береді әрі сізбен достасуға асығады. Ер адамдардың жанында өзіңізді қатар ұстағыңыз келеді, әлсіздігіңізді көрсетпейсіз. Өз-өзіңізді алып жүре аласыз, ешкімге тәуелді емессіз. Сіз үшін барлық жерде жайлылық болуы маңызды. Гардеробыңызда әдемі болса да ыңғайсыз аяқ киім жоқ. Мұндай құрбандыққа баруға дайын емессіз.
3. Қарапайым ару Басқа қыздарға қарағанда сіз мейірбандығыңызбен, ашықтығыңызбен айрықшаланасыз. Сізді біреулер қарабайыр санауы мүмкін, бірақ сіз өзіңіздің жаныңыз жарқын екенін жақсы білесіз. Негатитвті эмоцияларды жинамайсыз, ешкімге кек сақтамайсыз. Бұл тыныш та үйлесімді өмір сүруге мүмкіндік береді. Сіз ең жақсы отанасы боласыз, кез келген уақытта қонақты күліп қарсы аласыз. Сіз үшін Ана болу – бақыттың шыңы. Әйел заты арасында сіз ең ақылдысысыз.
4. Минималист қыз Идеал сыйлықты аса жақсы көресіз. Үйде де, ойда да – барлығы орнықты болуы керек. Ақшаны желге шашпайсыз, қажетсіз бұйымдарды жинамайсыз. Қаржыңызды аса сауатты басқара білесіз. Саяхаттау, білім алу, өзіңізді дамыту, денсаулық деген ұғымдарға ғана ақша аямайсыз. Айналаңызда кездейсоқ танысқан адам жоқ. Өмірлік бағдарыңызды да, достарыңызды да егжей-тегжейлі қарай отырып таңдайсыз. «Артық ештеңе жоқ» – сіздің өмірлік ұстанымыңыз осы. Гардеробыңызда тек сапалы, пайдаланатын киімдер мен жоғары сапалы аяқ киім ғана бар.
5. Жанкешті қыз Бостандықты жақсы көресіз. Көп нәрседен тез жалығасыз, жағдайда, орында жиі ауыстырасыз. Сырт келбетіңізге жиі тәжірибе жасайсыз, жиһаздардың орнын, тіпті достарыңызды да жиі ауыстырасыз. Бір нәрсеге қатысты қатып қалған пікіріңіз жоқ. Адамдарға сізбен араласу оңай емес, сондықтан жаныңызда санаулы досыңыз ғана бар. Сөйте тұра жақсы қасиеттеріңіз де көп. Адамдарға жақсылық жасағанды жақсы көресіз, кез келген сәтте қол ұшын созасыз. Қызығушылықтарыңыз көп, жұмысыңызды да ауыстыра бересіз. Өз күшіңізді әр салада сынап көргіңіз келеді.
6. Ескішіл қыз Сіз үшін тұрақтылық бәрінен де маңызды. Өз жолыңызбен сенімді түрде жүріп келесіз, өз талғамыңыз бен көзқарасыңызға нық сенімдісіз. Кез келген өзгеріс пен жаңалық сіздің жүйкеңізге тиеді. Таныстарыңыз сізді кертартпа адам деп санайды, сізді жайлы орныңыздан қозғау мүмкін емес. Икемді де бола аласыз, кейде-кейде жаңа да үйреншікті емес әрекеттерге барасыз. Бұл стильге, тұрмысқа, қарым-қатынасқа да байланысты. Кей тәжірибелер оң нәтижесін де береді.
7. Бизнес-леди Сіз барлығын бақылауда ұстауға үйренгенсіз, жайдан-жай басшылық қызметте жүрген жоқсыз. Өмірдегі өктемдігіңіз өзгелерді сізден алшақтатады. Сол себепті достарыңыз көп емес, соның ішінде көбісі өзіңіз сияқты адамдар. Қымбат маталардан тігілген киімдер мен аксессуарлар қолданасыз. Әрдайым заманауи әрі стильді киінесіз. Жеке өміріңіздге уақыт бөле алмайсыз, сондықтан көп уақытыңыз жалғыздықта өтеді. Көп жағдайда орта жасқа келгенде жұбыңызды жолықтырасыз.
Дереккөз: massaget.kz