Тіс тазалау ережелері

Oinet.kz 18-10-2019 4712

Znalezione obrazy dla zapytania как чистить зубы

Тісті қанша рет жуу қажет?

Көптеген специалистер, стомотологтар тісті қанша рет жуу керек, қашан жуу керек екендігінде пікірлері екіге бөлініп жатады. 

Тісті негізінен күніне таңертең және кешке жуу жеткілікті. Тек әр тамақтанғаннан кейін ауыз қуысын шайып отыру қажет. Кешкісін қай кезде тіс жуу керек екендігі белгілі. Кешкісін тісті жататын уақытта жуу қажет және одан соң ешқандай тамақ, тәтті тұтынбау қажет. Ал таңертең тұрғанда алдымен тісті жуып, таңғы астан кейін тіс шайлуы қажет.

Тіс жуатын щетканы таңдағанда қатты қылшалы тіс тазалағышты емес, жұмсағын таңдау қажет. Өйткені тіс иегі өте нәзік, ал ол зақымданса тіс босау қауіпі туындайды.

7643

Тіс жуғанда тек тістің алдыңғы бөлігін тазалауға болмайды. Тіс тазалауға кемінде 10 минут кетіру өажет. Сол кезде бактериялар толығымен өледі. Тістің артқы тұстарын да, жанын жақсылап жуу қажет.

Егер тамақтанғаннан кейін ауыз шаятын арнайы құрал болмаса,тіс пастасын алып, сумен аузыңызды шайқай аласыз. Ол ауыз қуысындағы жағымсыз иіс беретін бактерияларды өлтіреді.

8

Тілді де тазалау қажет. Тілде ең көп бактериялар шоғырланады. Бұл рас. Сондықтан тіліңізді де арнайы құралмен немесе тіс тазалағыштың артқы бөлігіндегі кедірленген бөлігімен тазалаңыз.

Сұлулықтың 6 сыры
Шаш түсуінен сақтайтын рецепт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу