Shiza шымкеттіктерден кешірім сұрады
20-06-2022
Астрологтардың көзқарасына сәйкес, белгілі бір жағдайда біздің өзін-өзі ұстауымыз, қылықтарымыз қандай жұлдызнама белгісіне тиесілі екендігімізге тікелей байланысты. Қоршаған ортадағы адамдардың арасында өздері дұрыс болмай тұрса да кешірім сұрауды білмейтіндері көп ұшырасады. Кешірім сұрауды мүлде ұнатпайтын жұлдызнама белгілеріне тоқталып өтейік.
Сарышаян
Сарышаяндар кез келген жағдайдан қалай шығуға болатындығы туралы шеберлік сағаттарын өткізе алады. Олардың қулығы сонда, белгілі бір мәселеде өзі дұрыс болмаса да қарсыдағы адамды алдап, өзінен кешірім сұратуға дейін барады. Кейін, ақымақтық жасалғанын, бәрі басқалай болуы мүмкін екенін ұққан кезде бәрі де кеш болады. Сарышаян басын тік ұстаған күйі кетеді.
Суқұйғыш
Суқұйғыштың ең үлкен қорқынышы өз қателігін мойындау, сондықтан да олар ешқашан кешірім сұрамайды. Егер суқұйғышпен сөз таластырып қалсаңыз, одан кешірім күтуге асықпаңыз. Ендеше шыдамдылық танытыңыз, суқұйғыштан бірінші кезекте кешірім сұрауды күтпегеніңіз абзал.
Торпақ
Торпақтардың жағдайы белгілі. Бұл нағыз қыңыр жұлдызнама белгісі. Егер сіздің торпақтармен сөз таластырғаныңыз белгілі болса, өзіңіздің пікіріңіздің шынайы екенін түбінде сізге дәлелдеу керектігін де естен шығармаңыз. Және де бұл сөз тартысында сіз ренішпен қайтарыңыз анық, соңғы сөзді сіздің айтқаныңызды торпақ қабылдай қоймас. Айтарлықтай дәрежеде дұрыс емес болса да торпақ кешірім сұрамақ түгілі, оны мойындамайтыны және белгілі.
Арыстан
Арыстан өзгелерге қарағанда өзін ерекше сезінетіні соншалықты, бейтаныс адамдардың көзінше сіздің кемшіліктеріңізді бетіңізге басуы әбден мүмкін. Және де айналадағы адамдар оның ескертуін дұрыс емес деп ойласа да, ол оны дәлелдеуге білек сыбана кіріседі. Сол кезде от жарқылдайтыны белгілі. Ондай кездері кешірімді арыстаннан мүлде күтпеңіз, кешірім тұрмақ бұл ұрыстан кейін ол сізді танымайды да.
Дереккөз: moimozg.ru