Ақша үнемдеудің тәсілдері
07-09-2020
Жақын туыстарыңыздың, құрбы-құрдастарыңыздың немесе сүйікті жарыңыздың түн ауған шақта ұйқылы-ояу орнынан тұрып кетіп, түрлі әрекеттерге барып жататындығын алғаш көргенде есеңгіреп қалғаныңыз есіңізде ме? О баста үрейіңіз ұшып, қандай әрекет жасарыңызды білмей дал болып қалғаныңызбен, кейіннен көзіңіз де, көңіліңізде үйреніп кетті. Өйткені, бұл бір рет ғана емес, өте жиі қайталанатын құбылыс. Ғылымда оларды - айкезбе (лунатик) деп атайды. Бүгінде жер бетіндегі адамдардың 2,5%-ы айкезбемен "дос болып" отыр.
Көптеген адамдар айкезбелікті психикалық ауру деп санайды. Бұл жаңсақ пікір. Асылында, айкезбелік жүйке жүйесінің бұзылуынан туындайды. Кейде температура жоғарылағанда немесе қатты күйзеліске тап болғанда қайталануы да мүмкін. Және оған шалдығатындардың басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер екен. Ересектердің мыңнан бірі ғана ұшырауы мүмкін.
Айкезбеліктің адам денсаулығына айтарлықтай зияны жоқ. Сондықтан, оған өзіңіз тап болсаңыз, артық қобалжудың керегі жоқ дер едік. Алайда, тым жиі қайталанатындығын байқасаңыз, дәрігер мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн.
Қағиданы кімнің шығарғандығы әлі белгісіз, әйтеуір, адамдар айкезбелерді оятуға болмайды деген "заң" қабылдап алған. Мұндай түсінік қайдан шықты?
Шындығына келгенде, ондай адамдарды оятып жіберу аса қауіпті емес. Бірақ, түсінде қыдырып жүрген адамды көрсеңіз, оятпаған сізге де, оған да тиімді болмақ. Өзіңіз ойлаңызшы, айдалада оянып кеткен адам не болып жатқандығын білмей, ми соққысын алуы мүмкін емес пе? Ол сізді танымай, ұрып немесе итеріп жіберуі мүмкін. Көптеген айкезбелердің ұйқылы-ояу асханаға тамақ жасауға аттанып, машина айдауға талпынатындығы дәлелденген. Айкезбе баспалдақта, балконда, шатырда жүргенде оятамын деп әуре болмаңыз. Трагедиямен аяқталуы мүмкін.
Мамандар жағдайдың ең тиімді шешімі - айкезбені ақырын, мұхияттылықпен төсегіне алып барып жатқызу екендігін айтып отыр.