Темір тапшылығы анемиясы және оны емдеудің қарапайым тәсілдері

Oinet.kz 28-05-2020 734

Халық медицинасында темір тапшылығы анемиясын емдеудің бірнеше жолы бар.

image.png

- Темір тапшылығы кезінде бір стакан қайнаған суға 10 грамм итмұрын мен осынша құлпынай салып, 2-3 минут ақырын қайнатыңыз. Салқындатып, тәулігіне жарты стаканнан қабылдаңыз.

- 20 грамм құлпынай жапырақтарының үстіне қайнаған су құямыз. Демделген шайды күніне бірнеше рет өз қалауыңызша ішуге болады.

- Шетен (рябина) де темірге бай. Шамамен 25 грамын 1 стакан қайнап тұрған суға салып, жылы орап қойыңыз. Ыстығы басылғанда ішеді. Тәулігіне 1 стакан мөлшерінде ғана.

- Қандағы темір жетіспеушілігі кезінде дұрыс тамақтану маңызды. Картоп, асқабақ, пияз, сарымсақ, аскөк және қарақұмық ботқалары темірге бай деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондай-ақ шырғанақ, лимон, апельсин, өрік, шие, алма, алмұрт сияқты жемістер мен жүгеріні көбірек жеген дұрыс.

- Бақбақ тұнбасы жақсы көмектеседі. 3 шай қасық мөлшеріндегі бақбақ жапырақтары мен тамырларын қайнаған суға салып, жарты сағат тұндырыңыз да, күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылдаңыз. Емдеу курсы – 14 күн.

- Қызғылт родиоланы жарты литр араққа салып, тұндырып қойсаңыз, емдік әсері керемет. Ол үшін 50 грамм өсімдіктің тамыры қажет. Тұнбаны таңертең және кешке жарты шай қасықтан ішеді.

- Шырғанақ (облепиха) да тиімді. Емге өсімдіктің барлық бөліктері жарамды. Керегшінше алып, шай секілді демдеп, қалауынша ішеді.

- Сәбіз, қызылша және шалғам шырындарын араластырып ішу де ағзадағы темір мөлшерін қалпына келтіруге көмектеседі деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Шырындарды араластырып, жарты ас қасықтан тәулігіне екі рет ішеді.

- Қалақай да темірге бай өсімдіктің бірі. Көп қан жоғалтудан кейін темір тапшылығы анемиясы болса, оны осы шөппен емдеуге болады. 50 миллилитр таза суға қалақай шырынының 1 шай қасығын қосыңыз. Шырынды өзім жасаймын деп әуреленудің қажеті жоқ, ол дәріханаларда сатылады. Дайын болған дәрілік құралды күніне 3 рет ішеді.

- Бал мен қалақай рецепті де тиімді. 200 грамм қалақай жапырақтарына шамалап бал қосып қоясыз да, тәулігіне үш рет 1 ас қасықтан қабылдайсыз.

- 25 грамм қалақай жапырақтарына жарты литр қайнаған су құйып, тұндырады. Сұйықтықты сүзіп, бір тәулік ішінде аз мөлшерден ішіп тауысады.

Ақнұр АСЫЛБЕК.

Тұрмысқа пайдалы кеңестер
Тосап қайнатудың 10 құпиясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу