Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Бір әйел күйеуі мен енесі күн сайын ұрып-соғып, балағаттап күн бермеген соң, баласын жетектеп төркініне қарай бет алыпты.
Жолда ол әйелді Алдаберген би көріп қалып, ән-жайға әбден қанығады. Сосын қағазға бір сөз жазып: "Бір ашуыңды бас, еліңе қайт. Ал мына қағазды пәленшеге берерсің" деп әйелді райынан қайтарады. "Алдаберген би берді дерсің" дейді қосымша. Осы сөзді әлгі ауылдың үлкені оқығанда, тұрған жерінен отырып қалып: "Әй, әттеген-ай! Сүйекке таңба басылды ғой. Тірідей көмілдік қой. Енді қайттік?" дей беріпті. Сөйтсе қағазға мына сөз жазылған екен:
Қойдан қозы туады шөп жейтұғын
Иттен күшік туады боқ жейтұғын
Осындай бейсауат сөз сөйлегенге
Ауылыңнан шықпады ма қой дейтұғын
Міне, сөз айту мен сөз қабылдаудың бір үлгісі осы болса керек.