Ауған ұшқыш-босқындары Тәжікстаннан кетті
10-11-2021
Тарихта жалғыз қолы жоқ батыл ұшқыш ретінде қалған Джессика Кокс - 1983 жылы 2 ақпанда Аризон штатында Сьерра-Виста қаласында дүниеге келеді.
10 жасынан бастап таэквондамен шұғылданып, небәрі төрт жыл ішінде қара белбеуге» ие болады.
Содан кейін, 1997 жылы ол отбасымен Тюсон қаласына көшіп, кейінірек колледжде және университетте Кокс жаттығуды қайта бастап, көп ұзамай екінші қара белбеуін алады.Қолдың орнына аяқтың көмегімен ол қарапайым (мүгедек емес) машинаны еш қиындықсыз жүргізе алады. Компьютер пернетақтасына минутына 25 сөз жылдамдығымен теріп, контакт линзаларын өз әрекетімен алып тастау мәселе Коксқа мәселе тудырмайды.
2005 жылы Кокс Аризона университетін психология бакалаврымен аяқтап және сол жылы ұшқыш ретінде оқуды бастайды. 2008 ж. 10 қазанда ол «ERCO Ercoupе» жеңіл монопланын, 1946 моделін басқаруға лицензия алып, ол 89 сағат ұшып әлемдегі алғашқы екі қолы жоқ ұшқыш болып, арманына жетеді.
Осы жетістіктен кейін Кокс мотивациялық спикерге айналып, Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде жұмыс істей бастайды.
2014 жылы Кокс АҚШ-тағы ең үлкен велоспорт жарыстарының бірі - El Tour de Tucson-тің қырық мильді (64,4 км) басып озады.
Ал, 2015 жылы Кокстың «Өзіңіздің шектеулеріңізді қарусыздандырыңыз» деп аталатын «Өзіңізге көмектесіңіз» атты өмірбаяндық кітабы жарыққа шығады. Дәл сол жылы Джессика Коксқа арналған «Оң аяқ» атты деректі фильм көгілдір экранға жол тартты.