Ауған ұшқыш-босқындары Тәжікстаннан кетті
Тамызда Тәжікстанға қашып кеткен Ауғанстан ұшқыштары БАӘ-ге кетті, деп хабарлайды РИА Новости New York Times-қа сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Тәжікстаннан ауған әуе күштерінің 140-тан аса ұшқышы мен экипаж мүшелері кеткен.
- Тәліптерден қашу үшін АҚШ ұшақтарымен Тәжікстанға келген ұшқыштар АҚШ-тың оқытылған әскери қызметшілері үшін үш айлық сынақты аяқтап, Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кетті, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Пентагон бұл топқа 191 ауған азаматы кіретінін айтқан.