Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қыз бала тұрмыс құрған соң 3 негізгі құқыққа ие болады:
Мәхір – ер адамның болашақ жары үшін ақшалай (немесе заттай) беретін міндетті материалдық төлемі. Ол толықтай әйелдің меншігі болып саналады. Қайда, қалай жұмсайтынын әйел адам өзі шешеді. Бірақ ерімен ақылдасып, екеуіне де қажетті нәрсені алса болады.
Бірде Алла елшісіне (с.ғ.с.) бір жігіт келіп үйленгісі келетінін, бірақ мәхірге беретін ештеңесі жоқ екенін айтады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үйіңде темір сақина болса да алып кел» дейді. Алайда оның да жоқ екенін естіген Алла елшісі (с.ғ.с.) ол жігітті үйлендіреді. Мәхірі – жігіттің қасиетті Құранды жатқа білуі болады. (Ән-Нәсәи, никах, 62 бет).
Әйелдің ас-ауқат, киім-кешек, керек жарағы.
Яғни, ер адам жарын азық-түлікпен, киіммен, жеке басы мен отбасына қажетті барлық дүниемен қамтамасыз етуге міндетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) келесі хадистерінде:
«Ер адам отбасына не жұмсаса да, ол садақа болып есептеледі».
«Отбасың үшін не істесең де, тіпті әйеліңді бір үзім нанмен тамақтандырғаның үшін де сый беріледі» деген.
Баспана.
Әйелі екеуінің қай жерде тұратынын (ата-анасымен, өз үйінде немесе жалдамалы пәтер болсын) ер адам шешеді. Бірақ ол үй өмір сүруге ыңғайлы, таза, айналасында жақсы көршілері болуы тиіс.