Франчайзинг деген не?

Oinet.kz 01-10-2019 1853

407B690C-9316-4712-8113-5F13CB57FFE4.jpeg

Франчайзинг (сөзбе-сөз «артықшылықты кәсіпкерлік») - бұл серіктестік пен іскерлік ынтымақтастық нысаны.

Франчайзинг жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағар-май, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы:  «TEXACO»,  « Chevron», « Procter&Gamble»,  «Coca-Cola».     

Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды  пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар, тауардбелгілерді пайдалану құқығы менрецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу кезінде жалпы жарнамалық қормен жабдықталуы. Мысалы: «Дока-Пицца», «Довгань» компаниялары.

Іскерлік франчайзинг —  жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда — саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс» АҚ, Okan Inter – Continental мейрамханалық желілері жатады.

Гипноз деген не?
Альбинизм қандай ауру? Альбиностар кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу