Гипноз деген не?

Oinet.kz 01-10-2019 3615

94F6560B-7DFC-4D54-8105-95CFC828F820.jpeg

Гипноз дегеніміз иландыру арқылы жасанды түрде туатын адамның ерекше рухани күйі. Оның мәнісі жағынан әдеттегі ұйқыдан өте көп айырмашылығы бар.

Гипнозды үш сатыға бөледі. Сомнелеция (ұйқышылдық) – адам ауызша иландыруға әлі де қарсылық етуі және көзін ашуы мүмкін. Гипнотакция немесе жеңіл ұйқы (транс) – қол-аяғы қозғалмайды – каталепция, көзін аша алмайды, илануға бейім, бірақ гипноздан шыққанда амнезия (ұмыту) байқалмайды. Сомнабулизм (терең ұйқы) – гипноз жасаушыға толық бағынумен сипатталады және оянғаннан кейін адамдар бәрін ұмытып қалады. 

Сонымен гипноз құбылысының ұйқы мен сергектіктен өзгешелігі онда қабылданған мәліметтер іріктеліп барып өңделеді. г

Гипнрз – санаға ену немесе оған, әдетте, қабылдаушы кісінің еркінсіз және ықыласыңсыз, әрі көбінесе иландыруға ұғымсыз көрінетін бөтен ойды дарыту.

Жалпы барлық адамдардың гипноз ықпалына 20% — оңай, 55% — орташа, ал 25% — қиын көнеді. Гипнозға қабілеттілікке жоғары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшеліктері ықпал жасайды. Мәселен холериктер, меланхолик және флегматиктер.

Ауызша иландыру арқылы жоғары жүйке қызметін өзгертуге болады. Гипноз кезінде иіс, дәм сезудің, көрудің сапасы, қарқыны мен мерзімі өзгеруі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер гипнозбен иландыруды науқастарды емдеу шаралары ретінде жиі қолданылады. Сонымен қатар әртүрлі эмоциялық жағымды немесе жағымсыз, парасаттық өнегелі немесе әсемдік (эстетикалық) сезімдерге иландыруға болады.

Гипноздық жағдайда адамның қимыл әрекеті және ойлау қабілеті өзгереді. Алайда ол бұл жағдайда «бұйырғанмен» жөнсіз немесе өнегесіз қылық жасамайды.

Ең қымбат шарап
Франчайзинг деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу