Амазон - әлемдегі ең ұзын өзен
Амазон - ғаламшардың табиғи кереметтерінің бірі. Өзен әрқайсысымызға мектеп қабырғасынан таныс. Белгілі бір дәрежеде бұл өзен тіпті Мысыр Нилімен және үнді Гангімен бәсекелесе алады. Жер бетіндегі ең ұзын су артериясының бірегей экожүйесі (Апачет бастауынан 7 мың км астам) кез келген туристі таңқалдыра алады. Амазон ойпаты арқылы ағатын бұл ғажайып өзен осы уақытқа дейін ұзындығы бойынша екінші орында деп саналып келген. Алайда қазіргі таңда «ең ұзын, әрі ең суы мол» деп дәл осы Амазонка өзені танылды.
Амазонды XIV-ғасырда испан конкистадоры Франсиско де Орельян ашты деп саналады. Бастапқыда зерттеуші өзенге өз атын бергісі келді, бірақ соңында шешімін өзгертеді. Өзен атауын өзгертпеуі үшін жауынгер әйелдердің жұмбақ тайпасы Орельян жауынгерлеріне шабуыл жасайды. Нәтижесінде ол атауын өзгертпейді. Қазіргі уақытта амазонкалар сиреп, тіпті жоқ болып кеткен деп айтылады. Олардың орнында шаштарын ұзын етіп өсіріп алған ер кісілер жүретін көрінеді.
Амазон өзені көптеген рекордтардың иегері. Бұл әлемдегі ең толықөанды өзен, ол Оңтүстік Американың 40% суын қзіне жинайды. Амазон планетадағы өзен суының 1/5-іне тең. Ол құятын көптеген өзендер әлемнің ең үлкен өзендері болып табылады.
Ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 шақырымнан асады. Сонымен қатар, 100 мың шаршы километрді құрайтын осы өзеннің жүйесі әлемдегі өзен жүйелерінің ең үлкені болып саналады. Амазонка өзеннің сағасы 40 мың шаршы шақырымды құрайтын Маражо өзен аралымен ерекшеленеді. Анд тауларынан басталатын Амазонка Жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысындағы өзен арнасы арқылы 1 секундта 220 000 м су ағып өтеді.Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы өтетеін су мөлшерінен бірнеше есе артық.Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар.Өзеннің 500-ден астам салалары бар,оларды суының түсіне қарай ақ өзендер (суында сазды жыныстар көп) және қара өзендер (суында шіріген өсімдік қалдықтары көп)