Анар құрамындағы дәрумендер және оның пайдасы
Анар ағза үшін өте пайдалы, геиоглобинді көтеретін, қан қысымын түсіретән пайдалы жеміс. Оның құрамында B, C, E, P секілді пайдалы дәрумендер бар. Сондай ақ оның айрықша денсаулыққа жақсы оң тұстары мол.
Ауыз-қуысын дәрілейді. Жеміс қабығынан жасалған су тұнбасын немесе шырынын ангина және фарингит ауруларын емдеу кезінде тамақты шаюға пайдаланады.
Ағзадағы қабынуды емдейді. Жеміс қабығы адам ағзасындағы бүйрек, бауыр, көз, құлақ, буын қабынуларына қарсы емдік мақсатта пайдаланылады. Ол үшін 2 асқасық анар қабығын 1 стақан ыстық суға салып, 30 минут қайнатып, дайын болған тұнбаны күніне 50 граммнан 2-3 реттен ішкен дұрыс.
Іш өтуді тоқтатады. Анар жемісі мен қабығын іш өтуге, тоқ ішектің қабынуына қарсы қолданады.
Радиацияны шығарады. Анар шырыны радиоактивті изотопты заттармен жұмыс жасайтын немесе радиациясы жоғары аймақта тұратын адамдарға ішкен жөн.
Инсулинді алмастырады. Анар жемісі қант диабеті ауруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Тамақ ішпес бұрын 60 тамшы жеміс шырынын күніне 4 рет қолданса, қан құрамындағы қант деңгейі төмендейді.
Гормон белсенділігін арттырады. Анар жемісі дәнінің құрамында май бар. Ол ағзадағы гормондық балансты қалпына келтіреді. Сол себепті жеміс дәндерін жеген пайдалы.