Ананас - құрамы, пайдасы, дәрумендер
Ананас қышқыл, шырынды жеміс. Ананас климат талғап өсеьін өсімдіктердің бір түрі.
Ананас қан қысымын төмендетуге және қан тамырларының қызметін жақсартуға қызмет етеді. Тропикалық осынау жеміс көптеген аурулардың алдын алуға тигізер көмегі де аз емес. Ананастың құрамында 10-ға жуық пайдалы дәрумен бар. Олар: тиамин, рибофлавин, B6 дәрумені, фолий қышқылы, пантотен қышқылы, магний, марганец, калий, аскорбин қышқылы, каротиноидтар.
Ананастың құрамындағы С дәрумені ағзаға күш беріп иммунитеті көтереді. Құрамында кездесетін бромелайн ішек жолы қызметінің бұзылуын емдейді.
Ананас құрамындағы бета-каротин тыныс жолдарының созылмалы асқынған дертіне қарсы күресе алады. Бала көтере алмай жүрген қыз-келіншектерге күнделікті ананас жеу пайдалы.
Сонымен қатар, ананас - теріге аса пайдалы жеміс-жидектердің қатарына жатады. 100 г ананастың 80 пайызы дәруменге толы. Әсіресе, "С" дәрумені. Сонымен қатар жемістің құрамында жүйке жүйелері мен иммунды жүйелердің қалыпты жұмыс жасауына көмектесетін "В1" және "В6" дәрумендері де бар. Теріге "С" дәрумені жетіспесе, тері түссізденіп, қартаяды. Егер дәрумен ағзада жеткілікті болса тері нұрланып, сұлу көрінеді. Сонымен қатар қабынуға және терідегі түрлі жаралардың тез жазылуына әсер етіп, қан тамырларының қызметін жақсартады. Ананас терідегі қара дақтар мен бөртпелердің кетуіне көмектеседі.