Брокколидің пайдасы мен құрамындағы дәрумендер
Брокколи артық салмақпен, қатерлі ісікпен, асқазан жарасымен күресетін дәруменге бай жасыл өсімдік. Ал ас мәзіріне гарнир ретінде ұсынсаңыз ұзаққа дейін тоқтық әсерін қалдырады. Брокколиді көбіне диетадағы адамдар тұтынады.
Брокколи К дәруменіне бай. Ол сүйектеріңізді қатайтып, холестерин мөлшерін қалыпқа келтіреді. Оған қоса брокколиде жасұнықтар да жетеді. Олар қан қысымыңызды жақсартады. Оны сорпамен бірге немесе гарнир етіп тұтынсаңыз болады.
Брокколи құрамында талшық, калий, фосфор, кальций, магний, темір, мырыш, марганец, күкірт, С, B1, B2, B5, B6, PP, E, K витаминдері және де провитамин А бар. Брокколи - PP, U, бета каротин дәрумендерінің тамаша жеткізушісі. Бета-каротин деңгейі басқа көкөніс дақылдарынан бірнеше есе артық. Сонымен қатар, брокколи пайдалы дәрумендердің бай көзі болып табылады: калий, кальций, фосфор, натрий және темірге байланысты, ол қырыққабатпен бәсекеге түсе алады, минералды тұздары ғана емес, ақуызы да екі есе көп.
Брокколи кеуде ісігінен қорғануға көмектеседі. Оның құрамында С дәрумені мен бета-каротин молынан бар. 1 кесе брокколидің құрамында 25 калорий, 3 гр жасұнық бар, май мүлде жоқ.