Сәбіз құрамындағы дәрумендер
Сәбіз - адам ағзасына өте пайдалы және де ауадай қажет B, PP, C, E, K дәрумендерінен тұрады. Сондай-ақ, оның құрамында 1,3% ақуыз, 7% көмірсу бар. Ол көптен бері әртүрлі ауруларды жеңілдету үшін дәрілік зат ретінде қолданылып келеді.
Ал таза 100 грамм сәбіздің құрамы мынадай:
А дәрумені – 183,3 мкг, нормадан 20,4%;
бета-каротин – 1,1 мг, нормадан 22%;
В1 дәрумені – 0,1 мг, нормадан 6,7%;
В2 дәрумені – 0,02 мг, нормадан 1,1%;
В5 дәрумені – 0,3 мг, нормадан 6%;
В6 дәрумені – 0,1 мг, нормадан 5%;
В9 дәрумені – 9 мкг, нормадан 2,3%;
С дәрумені – 5 мг, нормадан 5,6%;
Е дәрумені – 0,6 мг, нормадан 4%;
Н дәрумені – 0,06 мкг, нормадан 0,1%;
РР дәрумені – 1,2 мг, нормадан 6,1%;
К дәрумені – 13,2 мкг, нормадан 11%.
Сәбіз өте төмен калориялы көкөністердің бірі. Сондықтан сәбізді асқазан ауырғанда немесе арнайы диета ұстағанда тұтынуға болады. Сәбіз көкөнісінің көпшілігінде каротин, альфа және бета-каротин (А дәруменінің провитамині) де кездеседі.