Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Алманың түрлері:
• Антоновка – дәмі қышқыл, хош иісті, 3-4 айға дейін сақталады.
• Багайлық мальт – фарфор түсті, орташа, шырыны көп, қышқыл-тәтті, дәмі кермек.
• Сұрғылт анис – жемісі шырынға бай, қышқыл дәмді, 2 айға сақталады.
• Мичуриндік бессемянка - жемісі ірі (120-130 г), түсі сарғыш - жасыл, нәзік шырынды, дәмі қышқыл тәтті, хош иісі бар.
• Мичурин естелігі – жемісі ірі (100 – 110 г). Түсі ашық қызыл, шырынды, қышқыл дәмді сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай. Қысқы сұрып.
• Жас натуралист – жемісі ірі (110 – 120 г), Түсі жасыл-сары, құрамында минералды заттары бар, шырынды, дәмі қышқыл-кермек.
• Күздік шаттық – жемісі ірі (100-110 г), дәмі қышқыл – тәтті, хош иісті, сұрғылт түсті. Тасымалдауға, сақтауға жарамды.
• Жазғы алтын – жемісі орташа жемісі (100-115 г.) Дәмі қышқыл-тәтті, тағамдық заттарға бай, әрі жақсы өңделеді.
• Ерте пісетін қызыл алма – жемісі орташа (70-90 г), нәзік шырынды, қышқыл-тәтті.
• Россошан алмасы – жемісі орташа және ортадан жоғары мөлшер. Етті, түсі ашықжасыл, шырынды, қышқыл емес тәтті дәмі бар.
• Мелба – шырынды оңтүстік алмасы, дәмі қышқыл-тәтті дәмді, хош иісі бар. Жемісі тамыз айының ортасында піседі.
• Шілделік черненко – жас ағаш жемісінен салмағы (80-100 г.) алма алынады. Дәмі қышқыл-тәтті, бұл жазғы сұрып. Тамыз айының ортасында жеміс береді
• Кинга – жемісінің салмағы 115 г. Түсі жасыл-сарғыш, сақталған сайын сары түске айналады. Еті тығыз, шырынды, дәмі тәтті.