Азаматтық кодекстер королі
Джозеф Джамэйл - әлемдегі ең бай адвокат.
Ең бай және танымал американдық адвокат Джо Джамэйл (№833, $1,5 млрд) "азаматтық кодекстің королі" деген атаққа әбден лайық. Ол ең сұранысқа ие адвокаттардың бірі, ол көптеген маңызды істердің өзінен де бас тартқан. Джамэйлдің кезегінде істер өте көп. Адвокатқа соңғы ұсынылған істердің бірі Мексика шығанағында мұнай төгілген BP-ге қарсы көптеген талап-арыздары болды. Дегенмен, адвокат олардың ұсыныстарына "Менің қолым бос емес", - деп жауап берді.
1985 жылы ол тарихтағы ең қымбат істі, Pennzoil және Texaco мұнай компаниялары арасындағы процесті жеңіп алады. Нәтижесінде Texaco $11 млрд төлеуге мәжбүр болды, ал Джамэйлдің гонорары сәйкесінше 335 млн долларды құрады. Джамэйлдің арқасында өндірушілер өздеріне үш қауіпті өнімді қайтарып алды: Remington 600 винтовкасы, Honda үш дөңгелекті SUV және Parlodel дәрі.
Ол зиян келтіру секілді 200-ге жуық іс жеңіп алған және олардың әрқайсынан орта есеппен 1 миллион доллардан алған.
Адвокаттың анасы өз баласын басқа балалар ойнағысы келмейтін балалардың бірі болған деп сипаттайды. Ол өйткені кішкентайынан өте зерек, алғыр бала болған. Сол үшін де ұнатпаса керек. Және де миллиардердің "Адвокат. Менің соттарым мен жеңістерім" атты кітабы жарық көрген.