Жаңа Iphone-ның ақшасын қайда жұмсауға болады?
800 000 теңге.
Иә, су жаңа Iphone 11 осынша соммаға бағаланды. Бұл жәй ғана смартфон емес, бренд, «понт». Ал осы смартфоннан бас тартып қолыңыздағы лимоннан бір рет тістелген ақшаны қайда жұмсауға болатынын қараңыз.
Бұл ақшаға қолдан жеңіл көлік алып, такси болып күн көруге болады.
Таиландқа 2 аптаға екі адам болып саяхаттап келуге болады.
Долларға айырбастап, доллардың курсы өскенге дейін күтуге болады.
Жарты жыл бойы отбасыңды азық-түлікпен қамтамасыз етуге болады.
Өзіңнің кішкентай болса да жеке кәсібіңді бастауға болады. Мәселен көкөніс дүкенін ашып, отбасылық бизнеске айналдыру жақсы идея.
Үйде жиһаз алуға болады немесе қажетті техника. Және тек бір ғана емес.
Отбасы мүшелеріне қысқа арнап қалың күртелер, бәтеңкелер алуға.
Бірнеше ай бойы үй ішіңмен кафелерде тамақтануға да болады.
Фитнес-залына үш жылға абонемент сатып алып, денсаулығыңды қалпына келтіруге болады.
1 жыл бойы көлігіңе бензин толтыруға;
Тістеріңе винир орнатуға;
1 жылдық оқу ақысын алдын ала төлеуге;
Жақсы шуба сатып алуға;
Өз блогыңды ашып, таргетинг жүргізіп фоллоуерлеріңнің санын көбейтіп, одан әрі дамуға;
Арнайы сұлулық курсынан өтіп, қажетті құрал-саймандарын сатып алып, жақсы салонға орналасып, ақша табуға;
Жаңа ас бөлмесіне жабдықтар сатып алуға;
Көптен бері ойыңда жүрген хоббиіңмен айналысуға болады.
Ал ең бастысы бұл қаражатты табу үшін немесе бөліп төлеу үшін 1 жыл тер төгуге тура келеді. Әрине, төгетін жер табылып жатса...