Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Словакияда «Линго» деп аталатын кафе темекі шегетін тұрғындардың сүйікті орнына айналған. Себебі мұнда оттықтың неше түрлі «атасы» кездеседі. Ғимараттың бұрынғы қожайыны Берталан Абахази кафенің интерьерін жасау үшін 3900 оттықты жинаған. Қожайынның қазасынан кейін оның ісін ұлы кіші Берталан Абахази жалғастырған. 1993 жылы қонақтарға есігін айқара ашқан орында небәрі 400-ге жуық оттық болған екен. Коллекционер Абахазилердің ісі алға жылжып, оттыққа қызығушылардың саны артқан соң олар коллекция түрлерін көбейте бастаған. Мұражай іспеттес демалыс орнынан қазір туристер де көптеп ағылуда. Кафенің бір ерекшелігі мұнда келген қонақтар оттығын естелікке қалдырып кетеді. Осылайша «Лингоның» танымалдығы арта түскен.