Ең, ең, ең
Ең тәтті нәрсе - жан.
Ең ащы нәрсе - тіл.
Ең қатты нәрсе - дін.
Ең күшті нәрсе - ұят.
Ең жүйрік нәрсе - көңіл.
Ең жаман нәрсе - нәпсі.
Ең ыстық нәрсе - бала.
Ең суық нәрсе - мүрде.
Ең қысқа нәрсе - ғұмыр.
Ең опасыз нәрсе - дүние.
Ең жақын нәрсе - ажал.
Ең ұшқыр нәрсе - қиял.
Ең нәзік нәрсе - сезім.
Ең аздырғыш нәрсе - құлақ.
Ең зор байлық - денсаулық.
Ең зор кедейлік - надандық.
Ең биік нәрсе - арман.
Ең аласа нәрсе - мешеулік.
Ең тұрақсыз нәрсе - бақ.
Ең былапыт нәрсе - ауыз.
Ең тұнық нәрсе - махаббат.
Ең арзан нәрсе - сөз.
Ең адал нәрсе - уақыт.
Ең құбыжық нәрсе - өмір.
Ең қараңғы нәрсе - көкірегі соқырлық.
Ең қызық нәрсе - білім.
Ең жаралағыш нәрсе - қасірет.
Ең семірткіш нәрсе - жақсы сөз.
Ең жақын дос - асыл жар.
Ең пасық нәрсе - жалқаулық.