Неліктен гүлдерді жұп мөлшерде сыйлауға болмайды?
Гүлдерді тақ мөлшерде сыйлайтынын, әйтпеген жағдайда ол адамды бақытсыздық, тіпті өлім күтетінін кішкентай балаға дейін біледі. Бұл ырымның өміріміз бен санамызға сіңіп кеткені сондай, біз оны мүлтіксіз орындаймыз. Ал сіз мұның қайдан шыққанын, не үшін өлген адамның басына жұп сан гүлдерді қоятынын білесіз бе?
Бұл ырым ежелгі пұтқа табыну дәуірінде пайда болған. Шығыс славяндар тайпасының бақсылары жұп сандар өмірдің аяқталуын, яғни өлімді білдіреді деп есептеген. Тақ сандар керісінше өмірді білдіріп, жамандықтан қорғаған. Флористтердің айтуынша, тірілерге тақ, өлілерге жұп сан гүлдерін сыйлау бізде болмаған. Мұндай ырым бізге жапондардан келген. Олардың иероглифтерінде «төрт» саны «өлім» мағынасын білдіреді.
Бір қызығы, Грузияда керісінше тірілерге бақыт тілеп жұп гүлдер, ал өлгендерге «тірілердің бақытын ұрлап алмау үшін» тақ сан гүлдер сыйлайтын көрінеді.
Ежелгі сенім біздің қазіргі заманымызға дейін жеткен. Тіпті гүл шоғырларында да сол ереже сақталады. Тақ санды гүл шоғырлары жақсылыққа сыйланса, жұп мөлшердегі гүл шоғырларын азалы жағдайларда көңіл айту үшін беріледі.
Ал АҚШ-та – ең сатылымы көп гүл шоғырлары 12 раушан гүлінен тұратын шоғырлар екен. Немістер болса сүйіктілеріне 8 гүл шоғырын сыйлайды екен.