Өзбекстанға баруға қанша қаражат қажет?

Oinet.kz 26-08-2019 3396

Картинки по запросу ташкент

Өзбекстан Қазақстанмен шекаралас жатқан түркі елінің мәдени астанасы есептелінеді. Әрине, тарихы мен мәдениеті бір бөлек те, қонақжайлықтары бөлек әңгіме. 

Тіпті бастар сөзге жазылар әңгіме болмаса да, жаза кетейін. Өте қонақжай. Тіпті қоғамдық автобустағы жасы 40-тар шамасындағы ер кісі де түрегеліп «Отырыңыз, сіз қонақсыз» деген ізгі ниетін білдірді.

Өзбекстан қымбат ел емес. Дегенмен өте арзан деген де ойыңыздан бас тартыңыз. Алданам десеңіз суқиттар деген жетіп жатыр. 

Есіңізде сақтайтын ең бірінші ереже «Мен бұл елде бірінші рет емеспін». Осы сиқырлы фразадан соң ғана 50 мың сумдар 20 мың сумға, 20 мың 5 мыңға лезде айнала қалады.

Шекарада тұрғанда байсалдылық, сабырлылық танытуға міндеттісіз. Адамдар легі өте көп. Алдымен Қазақстан шекарасынан, содан соң Өзбекстанның шекарасынан өтуге тура келеді. Менің жағдайымда шекарадан өту процессі 1 сағат уақытымызды алды. Жұма екенін ескеріңіз.

Шекарадан өткен соңғы мәселе Ташкентке дейін тиімді жолмен жету болды. Тек алдыңыздан қолындағы кілтін тәспідей айналдырғандар шыға келіп, сізді достық ниетпен 50 000 сумға жеткізетінін айтады. Сәл қызығушылық таныта кетсеңіз, қазақтардың өздерінің достары екендігін айтып, сізді қайта арзан алып бара жатқандығынан сыр шертетіні бар.

Шекарадан өткен соң сізге қайда отыру қажет? «Damas» шағын қоғамдық көлігі сізге әлдеқайда арзанға түседі, біздегі Старекстер секілді, дегенмен ескілеу аздап. Дамасқа отыру сізге әлдеқайда арзанға түсері анық. Дамас адам басына бар болғаны 2000 сум.

Картинки по запросу ташкент телевышка

Дамасқа отырып Юнусабадқа келдік. Мұнда қаланың ең көрнекі жерлерінің бірі, туристер мекені Телевышка орналасқан. Юнусабадтан жаяу 300 метрдей жер. 10 минутта жетесіз. Телевышкаға кіру құны жан басына 40 000 сум. Әр онмыңдықты 416 теңге деп есептеңіз. Телевышка жоғарысынан 2000 сумға, яғни 80 теңгеге дүрбімен бүкіл қаланы тамашалай аласыз. Әрине, Телевышка Алматыдағыдай биік болмаса да, көрсетер кереметі басқа. Телевышка жанындағы ағып жатқан өзенмен қабаттасып жатқан саябақтар назарын өзіне аудартып тұрады. Негізінен Ташкент жасыл қала десе болады екен. Көше бойларында биік ғимараттар аз болса да, үйлерден биік талдарға бай екен. 

Ғимарат жанында бәрне белгілі палау орталығы бар. Палаудың 1 порциясы 17 мың сум тұрады. Нандары қандай дәмді десеңізші. Ауызға түскен мақтадай. Жалпы палау өте дәмді. Тіпті асқазаныңыз ас асамайтын тәртіпті асқазан болса, екі кісі бөлісіп жесе де жақсы тояды екен. 

Жалпы Ташкентте азық-түлік бізге қарағанда арзан. Тек өздерінде шығарылатын тауарлар арзан, ал шетел өнімдері қымбат екен. Мәселен «Lays» қытырлақ картоптары 600 теңге тұрады. 

Қарапайым минералды 1 литр су 2500 сум, біздің ақшамен 100 теңгені құрайды. 

Туристік автобуспен саяхатты міндетті түрде қолданып көріңіз. Автобус жан басына 75 000 сум, 3 125 теңге. Автобус қаланың ең көрнекі жерлерін аралайды, кейбір мешіттерге, саябақтарға 10 минуттан аялайды.

Самарқанд.

Ташкенттен Самарқандқа бару үшін жеңіл көліктен гөрі автобусты таңдаңғаныңыз дұрыс. 

Біріншіден, жеңіл көліктер 60 000 сум болса, автобус 30 000 сумға түседі.

Екіншіден, автобус жеңіл көліктерге қарағанда жайлырақ, және қуат көзін толтырғыштармен, желдеткіштермен, тіпті ішетін сумен жабдықталған заманауи көлік.

Тек айырмашылық уақытында ғана екен. Автобус 5 сағат болса, жеңіл көліктер 3,5 сағатта жетеді.

Таңдау өзіңізде. 

Картинки по запросу узбекистан

Самарқандқа келушілер бірінші аялдайтын жер ол – Регистон. Автобус аялдаған тұрақтан көлікке мінсеңіз 6 000 сум, ал автобустар 1 400 сум. 

Регистонға кіру құны Орта Азия елдері үшін 20 000 сум. Балмұздақ небәрі 2 000 - 3 000 сум. Неге балмұздақ? Себебі бұл жердің балмұздағының дәмі ерекше екен. 

Картинки по запросу самарканд рынок

Регистонның жанында базар бар. Ол жерден үйіңізге сарқыт алып қайта аласыз. Базарда түрлі базарлықтар, кәдесыйлар, тәттілер бар. 

Картинки по запросу самарканд хлеб

Самарқандтың танымал пәтір наны 3 000 сум тұрады, біздің теңгемен 125 теңгені құрайды. Нанның арасы тығыз және 30 күнге дейін сақталады екен. Сондықтан алаңдамай үйіңізге базарлық ретінде алып қайтуыңызға болады.

Маса неге «қанішер»?
Қай сағатты таңдайсыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу