Махаббаттан өзгерек: Вольфган Моцарт және оның жеңіл ойлы әйелі Констанция Вебер

Oinet.kz 20-08-2019 1388

Констанция Вебер мен Вольфган Моцарттың некелері бар-жоғы 9 жылға созылады. Вебер тарихта үй шаруашылығында икемсіз, жеңіл ойлы, ысырапшыл әйел ретінде көрсетілген. Және осы себептен де ол Моцартпен айырылысты деген болжамдар бар. Десе де әйгілі Моцарт махаббат шарабының тек осы әйелмен болған күндерінде дәмін татқан.

Алғашқы махаббаты.

Первая любовь

                Алоиза Вебер.

Маннгейм қаласында Моцарт өзін дауысымен, сұлулығымен бағындырған Алоиза Вебермен танысты. 

Музыкант, композитор қайталанбасшедеврлердің жасаушысы қарапайым ән салатын қызды қатты ұнатып қалады. Алоиза Вебер Моцарттың арқасында атақты опера әншісі болып та кетер ма еді. Егер Моцарт жақсы ұл ретінде отбасының алдындағы борышын өтеу үшін Парижге кетпегенде. Сөйтіп бұл махаббатқа тосқауыл қойылады.

Париж жас генийді суық қабылдайды. Со күйі қызметке тұра алмайды, оның үстіне дәл сол кездерде басынан қиын кезеңді өткізеді, ол туған анасынан айырылады. Ал сүйіктісінің өзін күтпей басқа біреумен соңіл қосып кеткені ауыр соққы болып тиеді.

Қайғыда құса болып ол Венаға келеді. Венада Моцарт мадам Вебердің үйіне тұрақтайды. Мадам вебер күйеуі қайтым болғаннан кейін өзі мен екі қызын асырау үшін осылайша үйінің бір бөлмесін жалға беріп өмір сүреді. 

Констанция Вебер

                            Констанция Вебер.

Амадей бұл шақта мадамның екі қыздары Софи мен Констанциямен таныс болған, алайда есіл дерті әлі де Алоиза жақта еді. 

Әрине махаббат ұшқындарының қай жерден бастап пайда болғанын қазір аңғарып білу қиын-ақ. Сөйтсе де кейбір деректерде Моцарт қызды анасының қаһарынан аман алып қалғысы келді делініп жазылған, ал басқаларында анасы Констанцияны шынымен де Моцартқа бергісі келеді дейді. Алайда Моцарттың әкесі Леопальд Моцарт ұлының бұл некесіне қарсы болып, ұзақ уақыт бұл некеге өз рұқсат бермеді.

Анасы Цецилия Вебер жасырын түрде қызына Моцарттың үш жыл ішінде үйленуі жөнінде қағазға қол қойғызып алады. Алайда мұндай қағаздың барын білген сәтте Констанция ойланбастан қағазды жыртып тастайды. Моцарт осы жағдайдан соң үмітін үзердей болады.

Беззаботное счастье

1782 жылдың 4 тамызы екі жас көңіл қосады. Әкесі де ізгі ниетін білдіріп, бәрі де өз жолымен жүре береді.

Олар шынымен де өте бақытты ғұмыр кешіп жатады. Олардың бір күні бір күнінен өткен қуанышты. Екеуі ақшаны оңды-солды шашып өмір сүреді, ақшалары бітіп тақыр кедейге айналып, қолға қайта ақша түссе дәл слай қайта жаратып өмірлерін жалғастыра береді.

Констанцияны көпшілік салақ әйел ретінде таниды. Алайда рл өз күйеуіне әбден лайық еді. Айырылсқан сәттерінде Моцарт жұбайына әсем сөздермен өрнектелген әсерлі хаттар долдайды. Және Моцарттың басты арманы әйелінің құшағына қайта оралу болды. 9 жылға созылған некелерінде олар 6 бала өмірге алып келеді, алайда ролардың тек екеуі аман қалады.

Әйелінің сырқаттанған кезінде Моцарт өте қамқор, шыдамды күйеу бола білді. Сырқатынан айыға алмаған әйелін ол Беденге аттандырады. Және әйелінен дәл өзі сүйгендей өзін де сүюді өтінеді.

Констанция Моцарттың бүкіл туындыларын жатқа білетін және әйелдің партияларын керемет орындайтын. Моцарт өзінің де өлімінің жақындағанын сезіп, өмірінің соңында өткен концерттерде өзін жайсыз сезінеді.

1791 жылдың 5 желтоқсаны таңертең сағат 4 шамасында композитордың жүрегі тоқтайды. Күйеуінің бейітіне Констанция тек 17 жылдан кейін ғана, екінші жұбайы дипломат Георг Ниссеннің ықпалымен барады.

Бильярд ойыны туралы қызықты деректер
Кеңес дәуіріндегі сәулет өнері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу