Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Алғашқы мемлекеттердің пайда болуымен қатар олардың жерін айқындайтын шекаралар да пайда болған. Орыс тіліндегі «граница» сөзі XIV ғасырлық құжаттарда кездесе бастаған. Новгород пен Ливон ордені арасындағы 1323 жылғы келісімшартта «әрқайсының шекарасы баяғы күйінше өзгеріссіз қалсын», - деп көрсетілген.
Бидасоа өзені Испания мен Франция шекарасынан ағып өтеді. Ал өзенде аумағы 0,00682 шаршы км-ді құрайтын Фазанов аралы бар. 1659 жылдан бері арал екі елдің ортақ иелігінде. Алты ай Испания иелігінде болса, келесі алты айда Франция иелік етеді. Арал өте кішкентай және елсіз болғандықтан, ол үшін ешқандай кикілжіңдер туындамайды.
Әлемдегі ең биік таулы шекара Эверест тауының шыңында. Ол шекара Қытай мен Непалдың арасын бөліп тұрады. Ондағы желдің жылдамдығы сағатына 200 км-ге жетеді, ал ауа температурасы –60 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Бельгия мен Нидерланды арасындағы Барле ауылын екіге бөліп алған. Екі ел арасындағы шекара көше бойымен ғана емес, үйлер мен ғимараттар арасынан да өтеді. Мысалы, Нидерландыда мейрамханалар ерте жабылуы керек, сондықтан мейрамхана иелері керемет айла тапқан. Нысанды шекарадан салады. Нидерландыдағы мейрамхананы жабу уақыты келгенде келушілер шекараның Бельгия тұсына ауысып отырып алады. Есесіне заңға қайшы мәселелер туындамайды.
Мысыр мен Судан арасында ешкім таласпайтын 2 000 шаршы км Бир-Тавиль деп аталатын аумақ бар. Екі мемлекеттік ешқайсы Бир-Тавильді өз жері ретінде мойындамайды. Алайда бұл екі елден бөлек Бир-Тавильге иелік еткісі келетіндер бар. Мысалы, 2014 жылы америкалық Джереми Хитон онда түйе керуенімен жетіп, қолдан жасалған туын тіккен және онда Солтүстік Судан Корольдігі болатынын жариялаған. Ал жаңа мемлекеттің ханшайымы ретінде Хитон өзінің қызын тағайындаған.
Ресей Федерациясының құрлықтық шекарасы 14 500 км-ді құрайды және бұл шекараның шамамен жартысы бір ғана мемлекетпен ғана – Қазақстанмен шектеседі.
Мемлекеттер шекаралары жиі ауысып отырған. Алайда Портуғалияны ол тізімге жатқызуға келмейді. Себебі мемлекеттің шекарасы шамамен сегіз ғасырдан бері, яғни 1249 жылдан өзгермей келеді. Сонымен қатар Портуғалия құрлықтық шекарасы арқылы бір ғана мемлекетпен ғана шектеседі. Екі ел арасындағы шекараны ерекше деп аутға болады. 720 метр ұзындықтағы құрыш арқан екі елді әрі біріктіріп, әрі ажыратып тұрады. Мұндай арақашықтықты 15 еуро беріп, бір минут ішінде жүріп өтуге болады. Осы минут ішінде саяхат жасаушы Испания мен Португалия арасындағы уақыт айырмашылығы 1 сағат болатын сағаттық белдеуді кесіп өтеді.
Швеция мен Финляндия шекарасында гольфқа арналған алаң орналасқан. Ондағы шұңқырдың өзі әділ, екі елге де 9 шұңқырдан бөлінген. Алаң арқылы Торнио өзені өтеді және екі ел арасын бөлетін де сол.