Ерекше қасиетке ие үй өсімдіктері

Oinet.kz 19-08-2019 1248

d7f4f044b1ffa6f3d136f000a3f2ef39.jpg

Неге қыз-келіншектер үй өсімдіктерін өсіруге құмар? Өйткені гүлдер көзді қуантып қана қоймай, иелерінің көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, үйге сәттілік, денсаулық пен молшылық тартуға да қабілетті. Егер де кейбір гүл түрлерін терезе алдына немесе самалдыққа қойса үйге оң әсерін беретін көрінеді. Олар қандай гүлдер?

Қожағай (фиалка)

Қожағай үй ішіне ерекше тыныштық алып келеді екен, онысымен қоймай сол үйде өмір сүретін адамдарды адал, ақылды ететін көрінеді. Конфликтілер мен ұрыс-керіс қожағай өсіп тұрған үйде өте сирек болатын құбылыс. Бұл өсімдікті сырт көзден таса жерде ұстаған дұрыс. Әйтсе де қожағай үйіңізде шектен тыс көп болса, керісінше үйден ер адамдарды қуады екен.

Балауыз шырмауық (восковый плющ)

Балауыз шырмауықтары ерлі-зайыптылардың жеке өмірлерін жақсартатын көрінеді. Ежелде гректер қыздардың төс қалтасына шырмауықтар салып қойған екен, ол қызды әдемірек етеді, жігіттерді еліктіреді деп сенген.


Ағаш тәріздес крассула

Крассуланың басты қасиеті үй ішіне ақша шақырып тұратыны. Крассула үйге кірген сәттен бастап үй ішіндегі қаржылай болған қиындықтар азаяды. Өсімдіктің өлшемі, ұзындығына байланысты қаржы да көбейеді екен. Өсімдікті қызыл ыдысқа түбіне тиын-тебен салып отырғызған дұрыс.

Бамбук

Бамбук мансаптық істердегі табысқа, қызметте ілгерілеуге ықпал етеді. Оны жұмыс аймағында ұстау керек. Қытайда бамбук ұзақ өмір сүруді бейнелейді, Үндістанда достықтың символы болып табылады. Филиппинде шаруалар бамбук бақытты таратады деп сенеді. Жапонияда ол тазалық символы болып саналады. Қарағай бұтақтарымен және гүлденген сакурамен бірге бамбук Күншығыс елінің символы болып табылады. 

Қырыққұлақ

Қырыққұлақ көз тиюден қара күштерден аластайды.  Қырыққұлақ көбінде өз алдына қала сыртында, ашық құмда немесе шымтезек топырақта өседі. Егер үй іші таза болмаса, олар өз сұлулығын жоғалтады, құндылығымен қоса. Егер де гүл жақсы күтілсе де өліп қалса, үйдің бір мүшесінің жамн қасиетін өзімен бірге ала кетеді екен.

Мирт және калатея

Мирт пен калатея отбасындағы тыныштықты сақтап, ара-қатынастың бұзылмауына көмектеседі екен. Сондықтан осы гүл түрін үйіңізде өміруге кеңес беріледі. Бұл ағаш достық пен тыныштықтың символы болып табылады. Егер де әңгіменің ушығып, дау-дамай мен ренжісулерге алып бармағанын қаласаңыз, мирт ағашы бар бөлмеде сөйлескендеріңіз абзал.

Техас штаты туралы қызықты деректер
Гуру деген кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу