Жұмаққа берілетін жолдама

Oinet.kz 15-08-2019 3691

Дін - ең әуелі бір Құдіретті күшке сену. Адамзаттың ең ерекше құралы. Дін ұлттарға шектеу қоймайды. Бірақ әр адам өз болмыс ауқымына сыйдырып түсінік қалыптастырады.

индульгенция.jpg

Адамды қараңғылықтың құрсауында ұстау үшін оның сеніміне ие болу жеткілікті. Ол кезде билік католик шіркеуінің қолында болатын. Тиісінше, дін-адам сенімін иеленудің құралы, інжіл ежелгі латын тілінде халыққа түсініксіз болып, дінбасыларына тиімділік сыйлады. Олр әр қадамда өз әрекеттерін дұрыс етіп алу үшін «Інжілде былай деген»  деп тезистер келтіріп отырды. Халықтың қараңғылық деңейі «Жұмаққа берілетін жолдаманы» қомақты қаражат құртып сатып алып, адамгершіліктен тыс әрекеттеді жасауын жалғастырмас еді. Бұл жалғанда жасаған-жасайтын күнәларының кешірілетініне сеніп, халық индульгенция алу үшін кезекте тұратын.

Индульгенция ( латын тілінде indulgentia – “кешіру” деп аударылады ), бой тұмар — орта ғасырларға Рим папасы атынан күнәні кешіру, және де сол арқылы католик шіркеуінің ықпалын нығайту және дінге сенушілерден ақша жинау үшін қолданылған амалдардың бірі екен. Алғашқы «жұмаққа жолдама»         Францияда XI ғасырда пайда болған. Інжілді түсінугге сауаты жетпейтін халық жаппай индульгенцияны сатып алуға бет бұрды. Жолдаманы саудаға салатын дін қызметкерлері қулық-сұмдықтың сан қырын меңгерді. Католиктердің түсінігінде жердегі құдай саналатын Рим папасының мөрі мен қолы елдің сеніміне «эффективтілік» сыйлады. Байлыққа бөгіп, көзін шел басқан дін қызметкерлері өз қатарларына қосылуды қомақты қаражатқа саудалайтын. Ақшасы бар адамдар діни лауазымдарды сатып алып, билеп төстей берді. Шіркеудің шектен шыққан іс-әрекеттеріне қарсы шыққан адамға, айып тағып шіркеу сотында жаза тағайындайтын. Қарақұрым халықты о дүниенің отымен қорқытты. «О дұниеде кешетін азапта қисап жоқ!» деп сана кеңістігін жаулап алды.

Католик дінбасылары 1563 жылы Тридент соборында қазынаны толықтыру құралы ретінде индульгенцияларды пайдалану тәжірибесін тиды. Дегенмен, Собор тек индульгенцияларды сатуға тыйым салды, бірақ оларды таратуға емес. Индульгенция католик шіркеуінде бүгінде бар, бірақ басқа түрде: енді олар 1967 жылы жарияланған VI Indulgentiarum Doctrina булла Пауылын ("индукциялар туралы ілім") ережелерімен таратылады.

Мұсылмандарға арналған смартфон шықты
Тик-Токты ойлап тапқан кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу