Көптеген жараға ем жасыл бриллиант

Oinet.kz 13-08-2019 2471

Screenshot_12.jpg

Көптеген жараға ем болатын жасыл бриллиант ерітіндісінің қалай пайда болғанын білесіз бе? Ертеректе дәрігерлер  микроағзаларды микроскоппен анығырақ көру үшін препараттарды бояйтын болған. Медқызметкерлер  кенеттен бояғыштардың бірі соның ішінде ерекше жасыл түстісі микробтарды жоятынын байқаған. Сол сәтен бастап бриллиант жасылы медицина саласында таптырмас дәрі-дәрмектің қатарына жатқызылып келеді. Алайда жасыл ерітінді Ресей мен ТМД елдерінде ғана қолданылады. Кейбір елдерде оны пайдалану былай тұрсын, дәріханаларда сатуға тыйым салынған екен. Шет елдік ғалымдар жасыл бриллиант ерітіндісін  пайдаланбауға кеңес береді, олардың айтуынша оның химиялық құрамы зерттелгенімен, пайда зияны толық зерттелмеген. Оның үстіне Еуропа елдері «пациенттің жасыл ала болуын қаламаймыз деген қағиданы ұстанады екен. Айтпақшы,  Сталиннің тұсында репрессияға ұшыраған тұтқын атылғаннан кейін денесіне нөмірлер осы  жасыл сұйықтықпен  жазылған көрінеді.    

Арабияда Аладдинге арнап қала салуда
«Кино» сөзі қолданысқа қай елде, қалай енді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу