Маникюрмен шіркеуге кіре алмайсыз

Oinet.kz 12-08-2019 958

Screenshot_4.jpg

Әйелдердің сүйікті косметикаларының бірі лак көне заманда пайда болған. Әртүрлі өсімдік пен жануарлардың пигментттерінен дайындалған лакты нәзік жандылар ұйықтар алында өшіріп тастаған. Таңертең қайта жағып алатын болған. Себебі ол денсаулыққа өте зиян еді. Ертедегі  мысырлық бойжеткендердің бояуы неғұрлым қаралау әрі қанық болса соғұрлым олардың қоғамдағы мәртебесі жоғары болған. Ал  АҚШ-та ерте кезде ашық түсті лакты жақтырмаған. Қанық түсті маникюрлі әйелдердің шіркеуге кіруіне тыйым салған. Қазіргі таңда әлемдегі ең қымбат лак «Azature Black Diamond» болып саналады. Оның бағасы 250 мың доллар. Жер бетінде оның қара брилианттардан жасалған жалғыз  флаконы бар. Көптеген тырнақ бояулардың құрамында  адам денсаулығына зиянды  дибутилфталат бар екен. Негізінен лакты бір жылдан артық сақтауға болмайды. Ал ашылған құтыны тоңазытқышта ұстаған жөн.

Көлігінің көлеңкесі үшін айыппұл төлейтін болды
Сальвадор Дали мүйізтұмсықпен бір торда қалай отырды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу