Вегетариандар туралы қызықты деректер

Oinet.kz 09-08-2019 1871

poleznaya_eda.jpeg

"Вегетариан" сөзі небәрі ХІХ ғасырда ғана пайда болған. Оған дейін ет жемейтін адамдарды "пифагорейшілер" деп атаған. Ұлы философ әрі математик тек нан, көкөністер мен бал ғана жеген. Оның шәкірттерінің көбі де тамақтану рационынан етті алып тастайды. Пифагор адамдар өлгеннен кейін жануарға айналады, сондықтан өзі тәрізділерді жеуге болмайды деп сенген.

Ұлыбританиялық психолог Хэнк Ротгербердің айтуы бойынша, әрбір үшінші вегетариан ішімдікке  мас болған сәтте өз принциптерінен бас тартып, ет жей бастайтын көрінеді. Бұл тұжырымға Ротгербер вегетариандармен жасырын (анонимді) сауалнама жүргізе отырып келген.

Альберт Эйнштейн атақты вегетариан болған. Ол есте сақтау қабілетін жақсартуға өсімдіктерден жасалған тағамдар көмектесті деп есептеген. Оның айтуынша, ветериандық тек өз ағзасына үлкен пайда беріп қана қоймай, жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалады. Ал сыншылардың сөзіне сенсек, Эйнштейн аса вегетариан болмаған. Ал еттен өлімінен бір жыл бұрын ғана бас тартқан.

Австралияда вегетариандықтың жаңа бағыты - кангатаризм танымалдыққа ие болуда. Кангатаризм иелері басқа еттерден бас тартып, тек қана кенгурудың етін жейді. Мұны олар мәдениет белгісі деп емес, кенгуру етінде май мен холестерин аз болады және ағзаға оңай сіңеді деп сенеді.

Вегетариан болуға ұмтылатындар көп, алайда өмір бойы еттен бас тартуға көп адамның қауқары жетпейді. Әр бес вегетарианның төртеуі алғашқы бір жыл ішінде ет өнімдерін пайдалануға қайта оралады. Алайда вегетариан болуға ұмтылмайтын кезге қарағанда ет өнімдерін пайдалануды азайтқандарын айтады.

Вегетариандық өмірдің ұзақтығына әсер етуі мүмкін бе? Мысал ретінде көбіне өсімдік тағамдарын ғана пайдаланып, 152 жыл өмір сүрген Англиялық шаруа Фом Парраны үлгі етіп алады. 120 жасында ол екінші некеге тұрған. Сонымен қатар вегетариандарда соқыр ішекпен ауыру өте сирек болатындығы, жүрек және қан қысымнан зардап шегу аз екендігі айтылады.

Вегетариандар культуристтер арасында да кездеседі. Мысалы, Билл Перл ет өнімдерін мүлде қолданбаған. Бірақ ол оған төрт дүркін «Мистер Вселенная» титулын жеңіп алуға кедергі бола қойған жоқ және ол соңғы жеңісіне 41 жасында жеткен. Еттен мүлде бас тартқан Билл бұлшықет салмағының артып, күшеюіне белоктың қажетті мөлшерін сүт және жұмыртқа өнімдерінен алып отырған. Атлеттің ең ауыр салмағы 110 кг-ға дейін жеткен.

Вегетариандардың алғашқы ұйымы Англияда 1847 жылы құрылған. Ресейде мұндай ұйым алғаш рет ХХ ғасырдың басында – 1901 жылы құрылған. Ұйым мүшелері вегетариандық ұзақ өмір мен деннің саулығына мүлде сай келмейді деген түсінікті жоққа шығарғысы келген.

Вегетариандардың әлем бойынша көп бөлігі Индияда өмір сүреді. Индиялық вегетариандар Планетамыздың вегетариандар үлесінің 70 % құрайды.

Вегетариандықты жақтайтындардың өз жеке мерекелері де бар. 1977 жылы Солтүстік Америкалық вегетариандар ұйымы жылдың әр 1 қазанында Әлемдік вегетариандар мерекесін тойлауды ұсынған. Бір жылдан соң бұл ойды Халықаралық вегетариандар одағы да қолдаған.

Шнобель сыйлығы жайлы естуіңіз бар ма?
Фрустрациялық деңгейіңізді анықтайтын психологиялық тест
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу