Майкл Джексонның фобиялары мен сіз білмейтін тұстары
Ән әлемінің поп-корольі атанып кеткен Майкл Джексонның өлімі туралы болжамдар өте көп. Әнші әлемге ең атақты, ең табысты өнер адамы ретінде белгілі. Бірақ осынша атақты әнші өз отбасынан да жасырынып өмір сүретіндей не болды екен? Айнадағы өз бейнесінен қорыққан, қартаю ең үлкен фобиясы болған Майкл шынымен де өте көп операцияны сымбатын келтіру үшін жасады ма?
Майклдың фобиялары мен комлекстеріне оның қиын жастық шағы мен әкесі ықпал болған. Ол 5 жасынан бастап өзінің ағаларымен бірге топ болып ән айтып, нәпақасын тауып жүрген екен. Әкесі өте қатал кісі болған, ол балаларын азғантай ғана ағаттықтары үшін де қатты жазалаған. Тіпті концерттерде балаларының өнеріне көңілі толмаса, оларды аш-құрсақ қалдырған екен. Сондықтан жастайында әртіс әкесімен жалғыз қалудан қорыққан, өскен соң да бұл әдеті өзгерген жоқ.
Өзінің «Moonwalk» кітабында әртіс: «Мен студияда кеш қарайғанша өлең айтатынмын, ұйықтауға уақытым қалмайтын кейде. Студияның терезе бетінен көрші көшедегі саябақтағы балалардың ойын-ойнап мәз болывп жүргендерін көретінмін. Мен оларға қарап менің де дәл сондай уайымсыз, қайғысыз көңілді, ештеңеден тәуелсіз адам болғым келді. Және өмірден ең басты қалайтыным да осы еді, асыр салып ешнәрсе ойламай ойнау».
Әншіні балалық шағынан айырғандығынан да болар ол үлкен бала болып қалды. Сол себептен де болар ол 39 жаста Neverland ранчосын сатып алады, онда аттракцион парк, зоопарк, ойын темір жолы болады. Неверлэнд деп атау себебі Питер Пен фильміндегі ешқашан балалық шақ бітпейтін ғажайып әлем осылай атанған. Тіпті 40, 50 жастарында да Майкл ойыншықтар сатып алуды, балалармен әңгімелесіп, уақыт өткізуін тоқтатпады. Алайда іші пысқан неден нендей ілік табарын білмей жүрген журналистер әншінің бұл ісін педофильдік деп жаза бастаған. Заң Майклды кінәсіз деп тапқанда да мұндай жазбалар толастамады. Өзінің инфантильдігінен болар, ол көпке деін ешқандай әйелмен көңіл қоспады. Әрине, заңды әйелі Лиза Мария Преслиге дейін. Некесін 36 жасында келіп барып қиған Майклды, достары асексуал деп санайды.
Майкл Джексонның бұрынға күзетшілері ол анасынан басқа ешқандай туысын арнайы жазылусыз қабылдамағанын айтады. Ол тіпті өзінің ағасы Рэнди Джексон үйіне келіп, өзін өлтіреді деп те қорыққан екен. Бұған себеп кішкентайларында болған «Jackson Five» тобын қайта құру туралы ағасының ұсыны болды, әрине одан әнші үзілді-кесілді бас тартады. Осындай бірнеше себептермен Майкл күнде кешкілік терезе, есіктерді жеке өзі арнайы тексерген екен.
Бала шағынан бастап Майкл өз түр-әлпетін жек көрген, үнемі өзінің жаман тұстарын, дефектілерін іздеген екен, мұндай фобия ғылымда дисморфофобия деп аталған екен. Ол үнемі мұрын пішін өзгертен, пышақ астына түскен кездері бір не онмен шектелмеген. Нақты цтфр ешкімге белгісіз. Кейде өзінің айнадағы бейнесін жек көргені соншалық барған қонақ үйлерінде айнаны жаптырып тастаған.
Ал өмірінің соңғы кездерінде түрлі препараттар, тыныштандыратын дәрілер шектен тыс қабылдаған. Дәрігерлер жүргізген денесін ашу процессінен кейін , әншінің осы себептен де қаза тапқанын анықтаған.