Неліктен көз суықты сезбейді?

Oinet.kz 06-08-2019 1396

Screenshot_7.jpg

40 градус суықта қабат-қабат қапталған тоң әсер етпей, кірпіктерін дір-дір етіп, аяқ-қолын бүрісіп, Боралдайдың бораны мен Шақпақтың шуылдап келген желіне қарсы әлін жетпей,тітіркеніп өзімізше арпалысып біраз әурешілікке түссек-дағы,   көз жанарымыз, мұзды жарып шыққан гүлдей болып, жалт-жұлт етіп, суықты сезбейтініне таңқалатынмын. Кішігірім зерттеу жүргіздім. Зерттеу нәтижесіндегі, бірнеше себептер: 

- Көз жанарында суыққа сезімтал  нерв талшықтары,яғни терморецепторлар болмайды. 

- Көз алмасының веноздық денесінің  99пайызы судан тұрады, ал қабығы ылғандандыру қызметін атқарады. 

- Ылғалдандыратын сұйықтық - таза су емес, құрамында тұз болғандықтан, кірпіктеріміз секілді мұз қатпайды. Тұзды суда мұздату температурасы таза суға қарағанда төмен. Жоғары концентрациясы оған -32 ° C кезінде де қатпауға мүмкіндік береді.

-  Көздер қан капиллярларымен жақсы жабдықталған, температура төмендеген кезде, олардағы қан ағымы жоғарылайды, бұл көзге қосымша жылу алып,  қатып қалуға жол бермейді.

-  Көз жанары қоршаған ортаның зақымдануынан жақсы қорғалған: оның көп бөлігі бас сүйегінің тереңдеуінде - орбитада орналасқан, ал қабақ сыртынан жабылған.

Атыс қаруларының көшірмелері
Қалай тез ұйықтауға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу