Адам сыны (Ел аузынан)
Алақаны үлкен кісі - алымсақ.
Аузы үлкен кісі - несібелі.
Бас-терісі қалың болса - ұйқышыл.
Беті қызыл кісі - ұятқа зәру.
Бойы қысқа адам - сұм.
Бойы ұзын адам - ақкөңіл.
Бүкір адам - кердең.
Ерні жұқа адам - сөзшең.
Ерні қалың кісі - ашушаң.
Жасында қалжыңқой - өскенде мылжың.
Желкесі шұқыр кісі - кесірлі.
Жыпылық көзді - жасқаншақ.
Кең маңдайлы - сабыр иесі.
Көзі көктің - былшыл сөзі көп.
Көзі кішкене кісі - қу.
Көзі үлкен кісі - қорқақ.
Күлім көзді - жалпақ шешей.
Қалқан құлақ кісі - сөзге ерме.
Қолы өте ұзын кісі - ұсақ мүдделі.
Қолы тым қысқа кісі - шәлкес мінезді.
Мұрынды адам -өктем, батыл.
Ойнақы көзді - суайт.