«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Есірткі саудасымен айналысу, оны тұтыну үлкен қылмыс екені мәлім. Бірақ дүниеде есірткі қолдануға тыйым салынбаған жалғыз ел бар. Ол – Уругвай. Уругвайдың үкіметі тұрғындарға марихуаннаны тұтынуға, өсіруге, сатуға рұқсат еткен. Заң бойынша марихуаннаның бір граммы 1 АҚШ долларын құрайды. Адамды еліктіріп әкететін улы шөпті өсірген адамды мемлекет қатаң бақылауға алады. Ал қолданушылар арнайы базада тіркеуге тұруы міндетті. Кәмелетке толған кез-келген уругвайлық жасөспірім айына 40 граммға дейін есірткіні қолдана алады. Марихуаннаны іздеген адам жасырын нүктелерден іздеп жүрмей-ақ кәдімгі дәріханалардан сатып ала алады. Алайда бұл заң сол елдің қонақтарына, яғни шетелдіктерге тиесілі емес.