Әлемдегі ең ескі қонақ үй
«Хоси-Рёкан» әлемдегі ең ескі қонақ үй болып табылады. Бұл қонақ үйге биыл 1296 жыл толды, алайда жылдар отельге мүлде зиянын тигізбей, керісінше жыл өткен сайын «Хоси-Рёкан» көркейіп келеді. Қонақ үй Жапония мемлекетінің Хаку тауының етегіндегі Камацу қаласында орналасқан.
Мейманхананың сыртқы қалпымен қоса іші де ерекше жинақылығымен, тыныштылығымен көзге түседі, келер қонақ үшін бар жағдай жасалған. Дәстүрлі жапондық стильде өрнектелген.
Қонақ үйдің аты «Хоси-Рёкан» жапон тілінен алынғанда «хоси» – монах, сопы, ал «рёкан» – мейманхана деген мағынаны береді. Қызығы, мейманхананың иесі 13 ғасыр бойы, тек бір ғана отбасы болып келген. Және қонақ үй иесінің Дзэнгоро-хоси атын жылдар бойы өзгеріп отырған қожайындары тек нөмірлеп ауыстырып отырған. Қонақ үй ашылғаннан бастап 46 буын ауысқан. «Хоси-Рёкан» ең ескі қонақ үй ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Қазірде мейманхана тек өздерінің ұлт өкілдерін ғана емес, әлем елдерінен ағылып келіп жатқан туристтерді де ерекше ықыласпен көрінеді. Алайда, осынша көрнекті қонақ үй иелері қарапайым өмір салтын ұстануды ешқашан өзгертпеген. Және де қонақ үй ішіндегі бастапқы дизайн сақталып қалған. «Хоси-Рёкан» ерекше жасыл бағымен, қонақ қабылдау тәртібімен ерекшеленеді.