Махаббат формуласы: Алғашқы сезім қалай пайда болады?
«Алғаш көргеннен менің өмірлік махаббатым екенін түсіндім» Неге бір кезде алғаш көргеннен-ақ алды-артымызға қарамай ғашық боламыз да, ал басқасымен қанша жерден ортақ дүниелер, ортақ қызығушылық пен естелігімізге қарамастан ішіміз жылымай қояды.
Адамзат қанша ғасырлардан бері махаббат деген алып күштің құпияларын түсінбей келеді. Неліктен өмірімізде бір адам пайда болып, басқаларына бет бұрып қарай алмайтындай дәрменсіз күйге енеді? Неліктен сол адамның жанында бүткіл уайымдарың жойылып Альпінің үстінен бірақ шыққандай күй кешеміз? Ал, басқа сарындағы сұрақтар: Басқа біреуді өзімізге ғашық ете аламыз ба? Адамның ішкі түйсігінен шығып жатқан сезім болғандықтан, ғылым да нақты жауабы беріле алмайды.
Алайда, ғылым дәлелдеп шыққан бірнеше фактілер кездеседі. Мәселен, біз ең көп кімдерге ғашық боламыз?
Биолог Клаус Ведекинд иіс пен құштарлықтың тікелей байланысын алға тартады, бұл тұста. Клаустың зерттеуінде адам келесі бір адамның иммунды жүйесі өзінікінен ерекше болған жағдайда ғашық болуы ерекше ықтимал екені айтылады. Басқа бір адамның көзі, еріні, мойыны, табиғи иісі басқа болған жағдайда генетикалық тұрғыдан гармонды тартылыс орын алып, соңында ғашық болсып жатады екенбіз.
Махаббаттың өмірге келуіндегі тағы бір маңызды нюанс эммоционалды байланыс. Яғни, сіз ұнататын адамдармен сізді бірдей күйзеліс не қуаныш сезімдері ортақтастырады.
Қарама-қайшылық ортақтастырады.
Мінездері, табиғаты мүлде екі бөлек адамдардың бір-біріне ес-түссіз ғашық болып жататынын да жиі байқап жатамыз. Жанымызға жақын жандарды ұнатамыз ба, әлде өз антиподтарымызды ма? Эксперттердің есептеуінше жылы қарым-қатынастар бір-біріне ұқсайтын адамдар тез қалыптасады-мыс. Ортақ көзқарастар бір-бірін одан да жақсы түсінуге мүмкіндігін береді.
Ал, қарама-қайшы адамдар шынымен де Микаланджело феномені бойынша жақын болуы ықтимал. Қарама-қайшы деп отырғанымыз, біздің арманымыздағы қасиеттер мен мінез, жүріс-тұрысты түгел қамтыған адамдар. Мұндай махаббат та бір-біріне деген қызығушылық пен таң қалушылық арқылы ұзаққа созылып жатады.
Махаббат қарбаласты ұнатпайды ма?
Ұнатпайды, бірақ орын алуы қалыпты жағдай. Нағыз махаббат көп дүниеге тойтарыс бере алады. Қарбалас қаражаттан, ұрпақсыздықтан орын алған жағдайда, әрине, сақтап қалу қиынға соғады.
Алғашқы кездесу өте маңызды. Бірінші жолыққанда қызығушылықтарыңды атап көрсетіп қана қоймай, оның да қызығушылықтарын тереңірек біліп алғаныңыз абзал.
Неге бұзылады?
Махаббат кейде өте мықты, шынайы болып тұрса да, ғашықтар белгілі бір себептерді алға тартып, жолдары екіге айырылып жатады. Оның себептері төмендегідей болуы мүмкін.
Сіздердің кемшіліктеріңіз ұқсас. Өзіңіздің ең осал тұстарыңыз қарсыңыздағы адамнан да кездескенін байқағанда антипатия пайда болады. Өз кемшіліктеріңізді қабылдай алмасаңыз, ол адамның бойындағы да өзіңіздікіндей кемшіліктерді қабылдау қиынға соғып, қарым-қатынастарыңызда шикілік туындатады.
Ғашығын көргендегі әр адамның сезімдері әрқилы, алайда біріктіретін, бәріне ортақ тұсы сезім, тәтті, ұмытылмас. Шынайы сезімді сезіну үшін шынайылығыңды көрсетуің қажет. Тек солай ғана бір-біріңізбен үйлесімдеріңізді анықтайсыз.