Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Биография.
Элис Уолтон 1949 жылы әйгілі «WALLMART» корпорациясының негізін қалаушы Сэм Уолтон мен жұбайы Хэлен Уолтон отбасында дүниеге келген. 2018 жылғы есеп бойынша Элистің жалпы қаражат қоры 41,8 миллиард АҚШ долларын құраған және әлемдегі ең бай әйел атанған. Әлемдегі 18 бай әйелдің тізімде тұрады, әлі де.
Отбасы.
Өзінің балалық шағын мисс Уолтон Арканзас штатындағы Ньюпортта ата-анасының меншігіндегі жерде өткізеді. Өзінен басқа отбасында 3 бала болды. Олар: Роб, Джим, Джон. Соңғысы 2005 жылғы авиакатастрофа кезінде қайтыс болады.
Өмірлік жолы.
Мектептегі оқуын үздік бітірген соң, Техас штатындағы Тринити университетіне оқуға түседі. Финанс және экономика бөлімінің бакалавр деңгейімен тәмамдайды. Өзінің профессионалды қызметін миллиардер әкесінің фирмасында бастайды. Алайда, әкесі Сэм Уолтон Элиске бар жағдайын бірден тапсырмайды. Элис отбасылық бизнестегі нюанстар мен шикіліктерге өзінше бейімделіп, жұмысты ынта-шынтасымен істейтін дарынды болады. Бастапқыда менеджер және аналитиктің жұмысын атқарған Элис, біртіндеп карьералық баспалдақпен көтеріле бастайды. Бір-екі жылдың ішінде-ақ аналитикалық бөлім меңгерушісі болып, сонан соң компаниядағы вице-президент рөлін атқарады.
Күнәсіз емес.
Элис Уилтон өзінің көркемөнерге қызығушылығымен қоса шатақ қылықтарымен де белгілі. Иә, атақты миллиардер Элистің өзі түрме изоляторының 1 рет емес, 4 рет қабылдауында болған. Барлығанда да автомобиль, анығырақ автомобильді айдау стилі себеп болған. Бірнеше құқық бұзғаннан соң да көлік айдаудағы білімсіздігіне мән бермеген мультимиллиардер соңында автоапатқа ұшырап, аяғының бірнеше тұсынан сынық алып, кейіннен оннан көп операция өткізіледі. Алайда, Элиске бұл да сабақ болмай, 1989 жылы 50 жасар Олета Хардин есімді азаматшаны қағып, артынан апатқа ұшыраған әйел көз жұмады.
Қайырымдылық.
Уолтон көркемөнерді жақсы көретіні сонша, өзінің көзі түскен картинаны қалт жібермей сатып алып отырған. Оның үстіне, Элис жас әрі талантты суретшілерге үнемі қолдау көрсетіп отырған.
Жеке өмірі.
Өзінің жағдайына, табыстылығына бәзбіреулердің айтуынша, сымбаттылығына қарамастан, Элис Уолтон жалғызбасты. Екі реттік тұрмыстық өмірге деген миллиардердің талпынысы нәтижелі болмай, екі тұрмыстан да ажырап шығады.