Өлген адамның шашы мен тырнағы өсе ме?

Oinet.kz 19-06-2019 4074

Screenshot_7.jpg

Фото ашық дереккөзден алынды

Бұл миф қорқынышты фильмдерде мәйіттерге ерекше үрейлі эффект беру үшін қолданылады. Жүрек тоқтап, қан суынған сәтте де шаш пен тырнақтың  өсуі қаншалықты шындыққа жақын?

Эрик  Мария  Ремарктың  «Батыс майданында  өзгеріс жоқ» романында осы миф оқиғада қолданылады. Гангренадан қайтыс болған кейіпкердің шаш-тырнағы өсуін тоқтатпағанын баяндайды.  Бұл тақырыпта дәрігерлер арнайы зерттеу жүргізбеген. Десек те, Алайда,  BBC ақпараттық агенттігі жүргізген зерттеуде адам қаза тапқан соң қанша жасуша тіршілігін жалғастыратынын хирург-трансплантологтар нақты айтқан.

Өлім- тірі ағзаға қажетті барлық процестің тоқтауы, бір сәтте емес, бірнеше сатыдан тұратын процесс.  Әуелі, мидың белсенділігі күрт артып, содан соң өледі. Дене температурасы сағатына 1,6 градус төмендеп, бөлме температурсына жетеді. Дене жасушалары оттегі жеткіліксіздігінен өле бастайды. Жасушалар ыдырағанда, дене шіриді. Бұлшық еттерге кальций жиналып ширықтырады.  Мұндай ширығу 36 сағатқа жалғасады. Бұлшық еттер босаңсып, несеп пен нәжіс қалдықтары шығады. Денедегі тері құрғағандықтан шаш пен тырнақ өсіп жатқандай көрінеді. Денені бактериялар құрта бастағанда шаш түседі.

Голограммалық цирк
Геродот ғалым ба әлде жазушы ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу