Геродот ғалым ба әлде жазушы ма?

Oinet.kz 19-06-2019 1941

Screenshot_2.jpg

Факттерді іздеуде...

Геродот жайлы білетін ең маңызды нәрсе бар. Ол өте ерте дәуірлерде өмір сүрген - б.з.б 484-425 жылдарда. Бұл заманда Александр Македонский, Рим империясы, Цезарь да, тіпті Клеопатра да болмаған. Сондықтан Геродоттың өмірі жайлы сүйенетін деректер жоқ десе де болады. Геродот өзінің өмірі, саяхаттары мен жалпы жайлы тек өзінің кітабында ғана жазды. Бірақ қазіргі ғалымдарды бұл факт те қанағаттандырады, күмандар саны жетіп тұрса да. Геродоттың өзі ғылыми тарих пайда болмай тұрып өмір сүргені, нақты тарихтың болмағанын дәлелі. Жазу болғанмен ежелгі тұлғалар өз ойларын тек поэзия мен өлеңдерде ғана білідір отырды. Антикалық дәуірде проза түрнұсқалық оқу түрі болып есептелді. 

Ең алғашқы тарихи еңбектер оқулықтар мен жазуларда емес, өлеңдер күйінде болды. Оларды «логос» деп атады. Яғни, грек тілінен аударғанда «сөз», «әңгіме». Авторларын «логографтар» деп атады. Олар гректік қалалар, тарихи оқиғалар туралы баяндайды. Ал олардың ізденуші құралдары оқулықтар емес, адамдар болды. Демек, бір оқиғаны екінші адамға айтатын. 

Бірақ Геродоттың олардан айырмашылығы неде? Оның кітабы біздің заманымызға толығымен жетіп келген әлемдегі ең алғашқы оқулық. Геродоттың бұл кітабіна өте көп тұлғалар көшірме жазды әрі жөндетуге тырысты. Мұндай оқулықтар қазір Оксфордта, Римде, Парижде бар. Қай заманда болмасада Геродотты оқу әрдайым қызық. 

Египеттегі саяхатында Геродот өзінің табан аяқтарымен пирамидалардың ұзындығын адыммен өлшеп отырды. Вавилонда дуалдарды тұрғызу технолгиясын зерттеп, парсы халықтарының дәмді тағамдарын татығанын, сақтардың әскери күшімен тамсанғанын жазған. Міне, дайын антикалық бестселлер. 

Геродот үлкен жұмыс жасап, өзінің дарымас таланты бүкіл әлемге көрсетті. Бірақ ғылымда оған не бар? Ол өзінің еңбегінде нақты деректерді және олардың растығын айтпаған. Оның әңгімелері тек аңыз секілді көрінеді. Жалпы тұрғыдан алғанда бұл тек көркем әдеби шығарма, ал оның басты мотиві құдайдан қорқу. Осындай міне тарих.

Шын мәнінде, нағыз тарих атасын Фукидидты (б.з.б 460-400 ж.ж) айтуға болады. Ол Геродоттан кейін туылған және ол сияқты көп саяхаттар жасамаған. Бірақ оның қателіктері аз. Және оның еңбектеріндегі деректерді нақты шынайы десек те болады. «Пелопонесс соғысының тарихы» кітабында нақты оқиғаларды жазып, өзі де куәгер болғанын баяндаған. 

Бұл тарихшылар бір уақытта өмір сүрмей, сонымен қатар бір-бірлерін таныған. Фукидид Геродоттың мұрагері және оқырманы болып табылады. 

Геродоттың ізімен...

Геродот өзінің саяхаттарына тек білімге сүйіспеншілігі үшін ғана емес, өз елінен нәтижесіз күрес кесірінен кетуге мәжбүрленді. Ол Галикарнас қаласында туылып өмір сүрген. Бұл заман Лигдамид тиранның деспотиялық билік дәуірі болды. 

Ең алғашқы елі қандай болды деп ойлайыз? Қанша уақыт саяхат жасады? Қанша жерлерде болды? – деген сұрақтарға нақты жауап жоқ. Ағылшын тарихшысы Джон Майрстың ұсынысы бойынша, Геродот сатушы ретінде саяхат жасады деп айтты. Алайда 9 томдық кітапта Геродот қалай ақша тапқанын жазбаған. Оның кітабы тұрақсыз және хронолгияға емес, тақырыптарға бөлінген. Оның қандай маршрутта жүргені және қанша уақыт алғаны белгісіз. Шамамен оның саяхаттары 10 жылға созылуы мүмкін. Б.з.д 445 жылы Геродот Грецияға қайтып оралып, өзінің жазғандарымен афиндықтармен бөлісті. 

Оралғанмен Геродоттың саяхаттары аяқталмады. Ол басқа да гректермен бірге Италиядағы эллиндік колонияны құруға қатысты. Сол себептен, көп деректерде Геродотты фурийлік деп атайды. Шамамен Геродот сол жерде қайтыс болуы мүмкін. Бірақ қашан және қай уақытта, өлімнің себептері белгісіз. 

Қымбатты күнделік...

Геродот сөздің қазіргі заманғы мағынасын білдіретін тарихшы емес еді. Бірақ шын мәнінде ол эрудитті және сауаты болған адам болған. Сондықтан әрбір саяхаттанған жерінде тек елдің жалпы сипаттамасына ғана емес, оның этнографиясына, географиясына толық түрде тоқталып, қызықты мәліметтер жазған. Мысалы үшін, Вавилонды әлемдегі ен әсем қала, оның климаты бұл жерде тек гүлдердің тамаша түрлері өсуіне лайыты екендіні туралы, сонымен қатар Египеттегі жерлеу рәсімі, пирамидалар мен фараондардын тарихы жайлы толығымен ежелгі египеттік тілден аударып, өзінің күнделігінде жазған. 

Сонда, Геродотты қазіргі заманғы тарихшы деп атауға болмайды. Мәселен? Оның жиырма алты ғасыр өткеннен кейін де оқығаны қызықты! Сонымен қатар, Геродоттың мысалы бізді үйретеді: егер сіз егжей-тегжейлі білгіңіз келсе,сіздің күнделігіңіз ұрпақтар үшін тарих болады.

Өлген адамның шашы мен тырнағы өсе ме?
Жер бетіндегі өзгеғаламшарлықтардың кемесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу