«Екібасты бұлбұл»
Сиам егіздері жәй егіздерден әдетте өзгеше болып, яғни бір дене мүшелері бірігіп туылады. Сондай егіздердің бірі 1851 жылы қара нәсілді Моними мен Иаковтың отбасында дүниеге келеді. Олар бай-бағланның қолында өмір сүріп жүрген құлдардың бірі еді. Ерлі-зайыптылардың жеті перзенті сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген қара жұмсышылар болды. Ал кенжетай құлдар жұмыс істеуге епсіз еді. Себебі олардың арқа, жамбастары бір-біріне жабысып қалған. Жарамсыз құлдардан құтылғысы келген үй егесі оларды анасымен бірге Каролинадағы цирк директорына мың долларға сатып жібереді. Төрт жыл қатарынан ерекше егіздер Милли мен Кристи цирк сахнасында экспонат болады. Бір сөзбен айтқанда қаржы табудың көзіне айналады. Қыздар бойжеткен соң олар цирк көрермендеріне қызықсыз болып қалады. Соңында цирк иесі оларды әлдекімге сатып жібереді.
Сиам егіздері және анасы бірнеше жыл әркімнің қол астында жан бағып жүреді. Кейіннен олар Смит мырзаның қарауына өтеді. Анатомиялық ауытқумен туылған қыздар ешкімге қызықсыз болған соң ол егіздерден жұлдыз жасауды ұйғарып, оларды жеке репетиторға береді.
Сөйтсек, Милли мен Кристинде дарын деген жетерлік екен. Көп ұзамай олар жанды дауыста ән шырқап, көрерменді өздеріне тарта бастайды. Смит мырза болса оларға арнайы костюм тіктіріп, әншілерге «Екібасты бұлбұл» деген атау береді. Сол күннен бастап бұлбұлдардың концертіне адамдар көптеп жиналып, тіпті билет жетпей қалады. Олар бір уақытта гитара тартып, фортепианода ойнап, вальс билеп жұртты таң қалдырды. Бұлбұлдарды Уэльс ханзада мен Виктория патшайымның өзі шақыртып ән салдырған деседі.
Милли мен Кристин 1912 жылы 61 жастарында туберкулез ауруынан көз жұмған. Олар әлемдегі ән салған жалғыз сиам егіздері.