Курорт па әлде түрме ме?

Oinet.kz 04-06-2019 1128

Screenshot_6.jpg

       Норвегиядағы Бастой аралы – кез-келген тұтқынның арманына айналған түрмесі деуге болады. Ослоның маңында орналасқан абақты тас қапастан гөрі демалатын курортқа көбірек ұқсайды. Түрменің ішінде теннис корты мен саунасы бар бірнеше жағажай бар. Қылмыскерлерге арналған орында ешқандай темір торлар жоқ. 115 орынға арналған түрмеде жазасын өтеушілер ағаштан жасалған кішігірім коттедждерде жатады. Барлық камерада ыңғайлы жағдай жасалған. Абақты деген аты болмаса Бастойда тіпті тікенекті қоршау да, қолдарына қару ұстаған күзетшілер де, үйретілген иттер де жоқ. 

Айта кетейік, бұл  қатаң режимдегі түрме. Абақтыға тоғытылғандар таңғы сағат сегіз жарымнан түскі үш жарымға дейін жұмыс істейді. Еңбектері үшін ақыларын алады. Мұнда айлықтарын жұмсайтын дүкен де орналасқан.  Жайлы түрмеге ең қауіпті қылмыскерді жібереді. Курортқа парапар келетін түрме адал жандардың шамына тиюі мүмкін деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ түрменің бастығы  Арне Квернвик Нильсеннің айтуы бойынша жазасын өтеушілерге түзелу үшін мүмкіндік беру қажет деп есептейді. Мұнда олар өздерін құрметтеуді, жаңаша өмір бастауды үйренеді дейді ол. 

Әлемдегі кітаптардан «салынған» қала қай елде?
Қуыршақтарды емдейтін аурухана қай елде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу