Әлемдегі кітаптардан «салынған» қала қай елде?

Oinet.kz 04-06-2019 1653

        Screenshot_5.jpg                                  

           Уай өзенінің жағасында орын тепкен Хей-он-Уай қаласы Англияның дәл шекарасында орналасқан. Кішкентай ғана шаһардың аты әлемге «кітаптар қаласы» деген атаумен танылған. Жазушы атаулының барлығы бұл қалаға аяқ басқан десек қателеспейміз. Жыл сайын мұнда өтетін  Әдебиет фестиваліне 80 мыңға жуық жазушылар мен әдебиет сүйер қауым жиналады.     

       Кітаптар қаласының тарихы бойынша 1961 жылы Ричард Бут ескі өрт сөндіру бекетінің орнына букинистік дүкен ашады. Дәл осы уақытта кітапханалардың жаппай жабылып жатқан кезеңі еді. Жанына бірнеше адамды ерткен ол Америкаға аттанып ол жақтан көптеген әдебиеттерді сатып алады да туған өлкесіне жібереді. Осылайша кітаптың біраз қорын жинаға ол кішкентай ғана дүкеніне сыймаған соң кітап сөрелерін көше бойына орналастырады. Біраз уақыттан кейін өзге кәсіпкерлер де кітаптарды көше бойында сатуды сәнге айналдырады. Осылайша Хей-он-Уай көшенің әр қиылсында кітап сатып алуға болатын «кітаптар қаласына» айналады. Бүгінде кітаптардың мекенін жылына 500 мыңға жуық туристер тамашалауға келеді екен. Бір қызығы көше бойындағы кітап ашық кітап дүкендерінде ешқандай сатушы да, күзетші де жоқ. Қалаған кітабыңызды алып, ақшаңызды сол жердегі қорапқа салып кетсеңіз болды. 

       Ал жоғарыда айтқан Әдебиет фестивалі 1988 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. 

Қолы жоқ ұшқыш
Курорт па әлде түрме ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу