Иттерді атжалмандар алмастырды

Oinet.kz 30-05-2019 1233

1497250944_l.jpg

           Ит адамның серігі. Соның ішінде ол сарбаздарға да таптырмас көмекші екені белгілі. Арнайы үйретілген иттерді әскер өмірінде миналарды, түрлі есірткі заттарды іздеуге алып жүреді. Ал атжалман мина іздей алады дегенге сенесіз бе? Барт Витинс бала күнінде атжалман асырап, онымен ойнауды әдетке айналдырған. Есейе келе ол ақылды  досын пайдалы іске жарамды етті. Бала күнінен атжалманның ерекше иіс сезгіш қабілетін байқаған ол тәжірибе ретінде оған талай рет мина іздетті. Осылайша ол Ароро деп аталатын жеке ұйымын құрады. Сокойне жеріндегі ауыл шаруашылығы универсиетімен атжалмандарды үйрету үшін келісімге отырады. 2003 жылы атжалманның көмегімен Ароро ұйымы алғашқы минасын іздеп табады. Келесі жылы Витинстің ұйымы мемлекеттен қолдау тауып, күшті ұйымның біріне айналды. Мина іздегіш атжалмандарды мамандар төрт апталығынан бастап дайындай бастайды. Тоғыз айында олар әккі мина іздегішке айнала бастайды. Атжалмандар иттерге қарағанда жеңіл қимылдайды әрі иіссезгіш қабілеттері әлдеқайда жоғары екен. 

Әлемдегі біз білмейтін жемістер
Өзге ғаламшарлықтармен адамдар емес робаттар байланыс орнатады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу