Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Детектив жанрының ханшайымы Агата Кристи кезінде әскери госпитальда медбике болып жұмыс істеген. Кейіннен дәріханада жұмыс істеген ол медициналық тәжірибесін шығармаларында қолдана білді. Дәріханада жүргенде Агата удың түрлері мен ағзаға зиянын жетік біліп шығады. Бұл білімі оның көптеген туындыларында көрініс тапқан. Кітаптары жоғары сұранысқа ие болған әйел дисграфиямен ауырған. Яғни ауруы оған қолына қалам алып жазуға мұрша бермеді. Сол себепті ол көпшілік кітабын өзгеге айту арқылы қағазға түсіріп отырған. Агатаның шығарма жазудағы ерекше тәсілі болған екен. Ол кітапты бастан аяқ жазып шыққасын ішінен жазықсыз, ешкім күдіктене қоймайтын кейіпкерді алып соңында соны бар қылмысқа айыпты етіп шығарған. Кристидің алғашқы шығармасының жарыққа шығуына әпкесі ықпал етті. Әдебиет саласының маманы әпкесімен сөзге келіп қалған Агата жұрт оқитын шығарма жазу қолынан келетінін дәлелдеп, өзінің алғашқы туындысын сөзден жеңілмеу үшін жазып шыққан.