Франц Кафка қандай адам болған?

Oinet.kz 22-04-2019 1143

Screenshot_32.jpg            

XX ғасырдағы атақты немістілді жазушылардың бірі Франц Кафка өмірде өте писсимист адам болған. Ол айналасындағы адамдардан, әсіресе әйелдерден және әкесінен қатты қорыққан. Өмірде қуануды білмей өткен ол жалғыздықта көз жұмды. Бір қызығы туындыларын әлем оқырмандары сүйіп оқитын автор өзін-өзі жазушы есептемеген және шығармаларын түкке тұрғысыз бағалаған. Кафка шығармаларын тек жақын бірлі-екілі досына ғана көрсеткен екен. Сондықтан болар оның көзі тірі кезінде тек бірнеше шығармасы ғана жарыққа шыққан. Еврей отбасында өмірге келген ол неміс тілімен қатар чеш және француз тілін де жетік меңгерген.  Атақ-абыройды қаламаған жазушы өлерінің алдында жақын досы Макс Бродқа барлық қолжазбаларын өртеп жіберуді сұраған екен. Алайда қолжазбалардың болашақта құнды дүниеге айналып, жоғары бағаланатынын сезген Макс аманатқа қиянат жасап, қолжазбаларды сақтап қалады. Орындалмаған аманаттың арқасында Кафканы дүние жүзі мойындап, әйгілі тұлғалардың біріне айналып шыға келді. 


Жұмыртқа да демалады
Агата Кристи қалай жазушы болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу