Жұмыртқа да демалады

Oinet.kz 22-04-2019 984

Screenshot_31.jpg      

Жұмыртқаны әлемде ең көп өндіретін Қытай елі екен.  Олар жылына 160 миллиард дана жұмыртқаны тұтынады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ АҚШ-та бұл көрсеткіш 65 миллиардқа тең. Жұмыр жердің тұрғындары жылына 567 миллиард дана жұмыртқаны жейді. Бұл көрсеткіш жыл сайын ұлғайып келе жатқанын айта кетейік. Әлемдегі ең қымбат жұмыртқа Фаберже жұмыртқасы болып табылады. Бірде  аукционда оның бағасы 18500 фунт стерлингке Ресейден келген белгісіз колекционерге сатылған.  

           Ал сіз білесіз бе, «айдалада ақ отау аузы мұрны жоқ отаулар»  тірі оргнизмдер секілді демалады екен.  Жұмыртқаның қабығында біз байқай бермейтін өте  кішкентай тесіктер болатын көрінеді.  Сол тесіктер арқылы жұмыртқаныі ішіне ауа кіріп, артығы шығып тұрады. 21 күн ішінде жұмыртқа 4 литрге жуық ауа жұтып 3 литрдейін сыртқа шығарады.  


Көкпеңбек адамдар
Франц Кафка қандай адам болған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу