Көкпеңбек адамдар

Oinet.kz 22-04-2019 1280

Screenshot_30.jpg           

 Біз әрқайсымыз ақ, сары, қарамыз. Алайда әлемде терісінің түсі  көкшіл  адамдар да бар екен. Мұны ғалымдар генетикамен байланыстырады. Мәселен  Оңтүстік Американы мекен ететін үндістердің арасында көкшіл түсті тұрғындар көп. Өйткені олар ең жақын туыстарымен ерлі-зайыпты қатынас орната береді. Нәтижесінде аспан түсті балалар дүниеге келеді. Көкшіл түсті адамдар тек қана генетиканың жемісі ғана емес. Зерттеулер бойынша кейбір аурулардың кесірінен адамның қалыпты түсі көкке ауысатын көрінеді. Сонау Чили жерінің таулы аймақтарында көкшіл адамдар көптеп кездеседі. Қарапайым жұмысшылардың көкшілденуіне таулы аймақтың климаты әсер еткен. Таулы аймақтың тым биігінде күн кешіп, еңбек еткендіктен оттегі жетіспей, жергілікті тұрғындардың терісі өзгере бастаған.  Аргирия --терінің көкшіл тартуына себепші болатын  аурудың аты саналады. Тарихта отбасымен көкшіл түске бөленген жәйттар кездескен.  Олардың ең атақтысы АҚШ-тағы шағын қалада тұратын Фугэйт әулеті. Фугейттіктердің барлық мүшелері көкшіл адамдар болған. 


Біртүрлі салықтар
Жұмыртқа да демалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу