Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Ел қорғаны болар сарбаздардың ішіндегі ең кәрісі кім екенін білесіз бе? Ол Василий Николаевич Кочетков. 1785-ші жылы туылып, 1892-ші жылы 107 жасында қайтыс болған ол әскерде 80 жыл борышын өтеген екен. Василий әскер қатарына 1811 жылы қабылданып, музыкант ретінде қызмет еткен. Кейіннен ол 1828-29 жылдар аралығында Түрік соғысына аттанады. Ал 1933 жылы атты әскерге ауысқан. 25 жыл Отан алдындағы борышын өтеген ол 1836 жылы сол замандағы заң бойынша әскердегі карьерасын тоқтатып, өз жөнімен кетуіне болар еді. Алайда Кочетков сарбаз болып қала беруді ұйғарды. Ең кәрі сарбаз атанған ол талай соғыстарға қатысып, 23 медальге ие болған. Қайсар сарбаз қартайған шағында ауру-сырқаусыз, үйіне қайтып бара жатқан кезінде жаны қиналмастан қайтыс болған.