Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Зейнетақы адамның қартайған шағында үкіметтен алатын жәрдемақысы. Алғаш рет зейнетақы туралы жарғы XV ғасырда Людовик II билік еткен кезде Францияда қабылданған көрінеді. Оны бірінші болып алған - 1889 жылы неміс канцлері Отто фон Бисмарк. Ал одан жиырма жыл өткен соң, Англия, Австралия, Америка Құрама Штаттары сияқты елдер де зейнетақы бере бастады. Орыстарда мұндай заң Петр патшаның кезінде қабылданды. Алайда оның кезінде зейнетақыны тек офицерлер ғана алған. Ал 25 жыл қызмет еткен сарбаздар бір тиынсыз қайтатын болған. Революциядан кейін билік зейнетақы беруге асыққан жоқ. 1918 жылы Қызыл әскер мүгедектері, 1923 жылы большевиктер, 1928 жылы кейбір зауыт қызметкерлері алса, 1937 жылы қарапайым халықтың бәріне бірдей бөлінді. Ал аспан асты елінде зейнетақы тек әскери адамдарға және полиция қызметкерлеріне беріледі.